• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС БЮДЖЕТІ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Сыр елi Тәуелсiздiк мерекесіне жарқын жетiстiктерімен жеттi. Жыл бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аймақ республикада үздіктер қатарында болды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат сессиясында айтты.

Аймақ басшысы өз баяндамасында биылғы жылдың негізгі жетістіктерін атап өтті.

«Тамыз айынан бері экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша өңірлер арасында алғашқы үштіктеміз. 11 айдың қорытындысында да  облыстың барлық негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім бар. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі  2,1 пайыз, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 28,9, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5, инвестициялар тарту 18,4, құрылыс жұмыстары көлемі 20,4, көлік және қоймалау көлемі 8,4, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 16,3 және сауда көлемі 4,7 пайыз артты», – деді аймақ басшысы.

2023 жылы аймақ бюджеті 609 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 57 пайыз өсті.

Ал, 2024 жылға облыс бюджетінің бекітуге ұсынылған көлемі 650 млрд.теңгені құрайды. Бұл 2023 жылға бекітілген (536,9 млрд.теңге) көлемнен 113,1 млрд.теңгеге немесе 21 пайыз артық.

Облыс бюджетінің басым бөлігі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталады. Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға негізделіп, әлеуметтік бағыты сақталды. Атап айтқанда, бюджет қаржысына «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасына сәйкес аудандық ауруханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға медициналық техника сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға, «Ауыл ел – бесігі» жобасы шеңберінде көшелерді, нысандарды күрделі жөндеуге және өзге де әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалмақ.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.12.2023
  • 152
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика