- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет министрі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасымен кездесті
Бүгін ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбаймен кездесті.
Әділет министрі Азамат Есқараевқа Құқықтық статистика комитетінің өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жұмысының қызметімен таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзету функциялары құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігінің құзіретіне берілген болатын.
- 14.12.2023
- 214