- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қостанай облысына іс-сапармен барып қайттым. Ең басты мақсат - облыс жұртшылығымен кездесіп, емен-жарқын пікір алмасу болатын. Министрліктің жыл бойы атқарған қызметі туралы да осы халықпен кездесуде есеп бердім
Қостанайлықтардың бір ерекшелігі - олар тек сұрақ қана қоймай, мәселенің шешу жолдарын да ұсынады. Мен үнемі жергілікті халықтың айтқан ұсыныстарын назарға аламын. Себебі, олар аймақтағы өзекті мәселелерді жақсы біледі. Кездесуде интернеттен бастап İT саласына дейінгі біраз мәселелерді талқыладық.
Сапар барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен облыстың шалғай елді мекендерін мобильді Интернетпен және талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойдық.
Жол картасы аясында 226 ауылда, соның ішінде 161 ауылдық елді мекенде мобильді Интернеттің сапасын жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдар есебінен антенна-діңгек құрылыстарады.
Біздің жоспарда KazSat спутнигі бойынша Қостанай облысының 43 ауылын Интернетпен қамтамасыз ету, 2025 жылдың соңына дейін 87 5G базалық станциясын орнату, Starlink технологиясы арқылы 180 ауылдық мектепті Интернетке қосу және 325 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісін жеткізу бар.
Сондай-ақ сапар барысында ХҚКО-мен жергілікті IT-хабтың жұмысымен таныстым. Облыс әкімімен Халыққа қызмет көрсету орталықтарын модернизациялау бойынша келісімге келдік.
IT хабта жоспарланған 40 минуттық кездесулер 1,5 сағатқа ұласты. Себебі жас IT мамандардың ұсынған жобалары өте қызықты болды. Олардың ішінде жоғарғы оқу орындарына түсуді оңай қылатын «Onay Oqy» қосымшасы, жылу жүйелерін, ыстық және суық сумен жабдықтауды, газ және электр қазандықтарын және сорғы станцияларын бақылау бойынша «ЭКО-СЕРВИС 2030» қосымшасы, әртүрлі салаларда бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу бойынша қызмет көрсететін «КАС Консалтинг» және жасанды интеллектімен жұмыс істейтін «Aitomathon» ерекше әсер қалдырды. Қостанайдағы хабтың резиденттері тіпті шетелге де өз өнімдерін таныстырып, енгізіп үлгерген.
Мұндай инновациялық жобаларды Қазақстанның бүкіл өңірлерінде енгізіп, жүзеге асырған жөн деп ойлаймын.
IT хабта көптеген талантты жастарды кездестіріп, қуанып қалдым. Сол күні IT-хабта Спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігін аштық.
Қостанай - дарынды жастардың мекені екенін көрсетті. Мұнда әлемдік олипиада жеңіпаздары мен спорттық бағдарламалау бойынша үздіктер жианлған. Олар жаңадан ашылған IQostanay оқушылар сарайында өздерін дамытып келеді. Облыс әкімі осы іс-сапардың басынан аяғына дейін бізбен болып бүкіл заманауи обьектілермен таныстырды.
- 29.12.2023
- 251