• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Диджитал вице-министрлердің жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындыладық

Бұл жолы есеп беру кездесуін стандартты презентациялар түрінде емес, брейншотрминг және келер жылға арналған міндеттерді талқылау форматында өткізуді жөн көрдік.

Мен әрқашан IT саласын әртүрлі секторлардағы бизнес-процестерді жеңілдететін кросс-салалық құрылым деп айтамын. Ол міндеттерді автоматтандыруды, тиімділікті жақсартуды және шешім қабылдау мерзімін қысқартуды қамтиды. Әрбір министрлікте CDTO (Chief Digital Transformation Officer) құру идеясы цифрлық трансформация арқылы бизнес-процестерді жеңілдету қажеттігінен туындады. Қазірдің өзінде біз бұл жұмыстың белгілі бір нәтижелерін байқап отырмыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI-ды бекіттік. Бекітілген KPI 15 мемлекеттік органға қатысты 17 саланың арасында бөлінген 120 көрсеткіштен тұрады.

Сонымен, цифрлық вице-министрлер қандай жұмыс атқарады? Қазір 14 ведомствода цифрлық вице-министрлер (CDTO) бар.

Олардың негізгі міндеттері – мемлекеттік органдарды цифрлық трансформациялаудың салалық стратегияларын әзірлеу және іске асыру, тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен жетекшілік ететін салаларда түбегейлі өзгерістерді көздейтін жаңа идеяларды іске асыру үшін ресурстарды тарту.

Жыл қорытындысы бойынша барлық вице-министр жақсы жұмыс нәтижесін көрсетті. Мәселен, биыл Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік сала қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін проактивті тағайындауға қатысты пилоттық жобасын, Денсаулық сақтау министрлігі Edensaulyq сервисін іске қосты. Edensaulyq сервисі азаматтардың медициналық деректер алу үшін медициналық ұйымға беретін өтініштерінің санын азайтуға көмектеседі.

Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды цифрландыру», «Цифрлық мұғалім» және басқа да жобаларды енгізді. Біз EGovMobile қосымшасында «Цифрлық құжаттар» арқылы балалардың оқуына және колледждер беретін дипломдарға қатысты мәліметтерді шығардық.

Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, Қазақстанның 7833 мектебінде бейнебақылау орнатты, бұл шамамен, 190 мың бейнекамераны құрайды. Бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, жүргізуші куәлігі, тіркеу мекенжайын растау және автокөлікті қайта жабдықтау сынды қызметтер смартфондарда қолжетімді.

Бұрын грантқа түскен-түспегеніңізді білу үшін «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа нөмірін асыға күткен кездеріңіз естеріңізде ме? Енді Ғылым және жоғары білім министрлігінде білім беру грантын тағайындау туралы PUSH- хабарламасы іске қосылды. Сондай-ақ, Qaztest тестілеу қорытындысының цифрлық сертификаты (8627-і берілді), шетелдік дипломдарды тану туралы цифрлық куәлік (18 000-ы берілді), дипломдардың түпнұсқалығын көрсететін цифрлық сертификат (3 457 867-і берілді) беріледі.

Қорғаныс министрлігі азаматты 17 жасында онлайн тіркеуді, ел ішінде көші-қон кезінде әскери есепті автоматты түрде қоюды/алып тастауды, студенттердің, мүгедектердің және соттылығы бар азаматтардың армияға баруын автоматты түрде кейінге қалдыруды енгізді. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің уақытын барынша үнемдейді.

Әділет министрлігі «E-saraptama», «Цифрлық нотариат», «Мүлік иелері бірлестігін цифрландыру» сияқты жобаларымен ерекшеленді. Жеке өз басым EgovMobile қосымшасындағы Цифрлық нотариатты қолданып үлгердім.

Сыртқы платформаларда ұсынылған әрбір құжаттың немесе қызметтің артында біздің министрліктің және цифрлық вице-министрлердің атқарған орасан жұмысы тұр. Интеграциялар мен ақпараттық жүйелердің функционалдығын тұрақты қамтамасыз етудің арқасында біз цифрлық құжаттарды, автокөліктерді сатуды, сондай-ақ, басқа да қызмет түрлерін Каспи, Халық сынды сыртқы платформаларда пайдалануға мүмкіндік жасаймыз.

Сіз қандай да бір қызмет түрін алу үшін түймені басқан сайын мемлекеттік ақпараттық жүйеге жүгінесіз. Ол жүйе кейде 10 басқа жүйемен өзара әрекеттесіп, сізге сапалы қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

Біз ұсынатын жобалар тек мұнымен шектелмейді. Жаңа жылдан бастап мен әр салада жүріп жатқан цифрландыру процестеріне қатысты посттар жариялауды жоспарлап отырмын.

  • 29.12.2023
  • 297
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика