- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Министрлікке электрондық нысанда (kanc@adilet.gov.kz электронды поштаға):
1) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Сонымен бірге, аккредиттелген бірлестіктер мен Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Ж.Б. Абилхайровқа мына телефон номермен хабарласа аласыз: 8 (7172) 955096
- 08.01.2024
- 234