• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ БАСШЫСЫМЕН ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесіп, Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.

Аймақ басшысы  уран өндіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды. Бүгінде компанияның 4 еншілес ірі кәсіпорны («Байкен-U», «Хорасан-U», «Семізбай-U», «РУ-6» серіктестіктері) осы жұмыспен айналысып келеді

«Біріншіден, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды ұсынамыз. Жалпы еліміздегі уранның шамамен 20%-ы  Қызылорда облысында өндіріледі.  Аймақтағы уран өндіруші компаниялардың «Самрұқ Қазына» қорына жыл сайын төлейтін дивидендтері шамамен 44 млрд.теңгені құрайды. Ал, қайырымдылыққа небәрі 88 млн. теңге немесе дивиденд сомасының 0,2%-ын береді. «Қазатомөнеркәсіп»  қайырымдылық мақсаттарына 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлуде.

Қазіргі уақытта облыста қаржыландыруды күткен бірқатар әлеуметтік жобалар бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, мұнай өндіру компаниялары соңғы 10 жылда 15,7 млрд. теңгесін қайырымдылыққа жұмсаған. Ауыл шаруашылығымен айналысатын «Абзал и К» компаниясы Н.Ілиясов ауылында жыл сайын әлеуметтік нысандар салады. Ал, уран өндіруші компаниялар негізгі қызметін жүргізетін Байкенже ауылында тек қара жолды жөндеумен, мерекелерде азық-түлік бөлумен шектеледі. Осыны ескеріп, облыстың әлеуметтік маңызы бар объектілері құрылысын қаржыландыруды ұсынамыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округіне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы көпір салу, 2015 жылдан бері «КАП логистикс» серіктестігіне 10 жылға өтеусіз пайдалануға берілген «Самара-Шымкент-Еңбекші» жолының 6 шақырымын күрделі жөндеу қажеттігіне тоқталды. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өңдейтін «СКЗ-U» зауытын кеңейту немесе жаңа зауытты Қызылорда облысына салу мүмкіндігін қарастыру туралы айтты. Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы 65% іске қосылған «Байкен–U» серіктестігін толық қуаттылықпен жұмыс істеуге көшіруді ұсынды.

Өз кезегінде, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының басшысы аталған жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде Мейіржан Юсупов «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты өндірістік нысандарды аралап, жұмысымен танысады.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 17.01.2024
  • 245
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика