• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесінің басшылығы, Үкімет мүшелері, қалалар мен облыстардың әкімдері, сондай-ақ аймақтардағы төтенше жағдайлар департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін, сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпуді тіркегенін айтты. Оның көбі – төмен балдық жер сілкінісі.

Президент Алматыда болған төтенше жағдай кезінде тиісті органдар шұғыл әрекет етуге толық дайын болмағанын, қала тұрғындары не істерін білмей, абдырап қалғанын атап өтті. Сондықтан бұл жиынның басты мақсаты – сын айту емес, нақты шешімдер қабылдау екеніне тоқталды. Инфрақұрылымдардың халықты эвакуациялауға дайындығына және құлақтандыру жүйесіне қатысты мәселеге ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру деңгейінің төмендігін сынға алды. Бұл сейсмикалық мониторинг желісіне де, сондай-ақ құтқарушыларды заманауи құрал-жабдықтармен, техникамен және арнаулы киімдермен қамтамасыз ету ісіне де қатысты.

Мемлекет басшысы Алматыдан бөлек, еліміздің басқа да аймақтары жер сілкінісіне дайын болуы және қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Еске салсақ, 23 қаңтар күнгі Алматы облысы аумағындағы 5 балдық жер сілкінісі кезінде үрей, дүрбелең салдарынан 50 шақты азамат зардап шегіп, 40-тан астам ғимаратта жарық пайда болған.

Кеңестен кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізді. Оған қала, аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Мәжілісте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Ибрагимов баяндама жасап, Қызылорда облысы аумағының 1:1000 000 масштабтағы сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға тоқталды.  

Қызылорда облысында мұнай-кен орындарында көмірсутек шикізатының өндірілуіне және кейбір аумақтардың тау бөктерінде орналасуына байланысты сейсмикалық қауіпті аймақтар бар.

Ықтимал төтенше жағдайлардан халықты құлақтандыру үшін «Қызылорда облысының басқару органдары мен халқын құлақтандырудың кешенді жүйесі» жұмыс жобасы іске асырылуда. 2021-2023 жылдары облыс бюджетінен қаржы бөлініп, оған 79 сиреналық-сөйлеу, 1 теле және радио арнаға қосылу құрылғысы, 8 басқару пульті орнатылып, жұмыс жасауда. Алматыдағы жағдайдан соң облыстық жедел штаб құрылған. Штаб құрамына азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енген.

Жиын қорытындысымен аймақ басшысы төтенше жағдайлар департаментіне құлақтандыру жүйелері мен апаттық-құтқару күш құралдарының үнемі әзірлікте болуын бақылауға алуды, материалдық-техникалық базаның  жеткілікті жарақталғанын тексеруді тапсырды. Ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өңірдің сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу бойынша тиісті министрліктермен жұмыс жүргізуі керек. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары әкімдерімен бірлесіп, жаңадан салынатын нысандарды жобалау кезінде құрылыс нормаларындағы сейсмикалық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алуы тиіс.

Оған қоса бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жеке тұрғын үйлерді сейсмикалық жағынан берік етіп салу  туралы түсіндірме жүргізу жөнінде тапсырма берілді. Ал, облыстық бақылау жөніндегі басқармасына қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, соңғы 2 жылда сейсмикалық қауіпті аумақта салынған нысандардың талапқа сәйкестігін зерделеп,  кемшіліктер анықталған жағдайда конструкцияларды күшейту жөнінде ұсыныс енгізу міндеттелді. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Құмкөл» кен орнындағы мұнай компанияларының есебінен сейсмикалық станциялар орнату мәселесін пысықтап, ұсыныс әзірлеуге жауапты.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 26.01.2024
  • 202
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика