• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША ОРТАЛЫҚТАР САНЫ АРТУДА

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжілісте салаға қойылатын талап пен міндет ауқымы жылдан-жылға артып келетінін атап өтті.

«Әрбір бала мектептен сапалы білім алып, жақсы адам, адал азамат болып шығуы керек. Бәріміз осы маңызды мақсат жолында табанды еңбек етуіміз қажет. Аймақтағы демографиялық өсімді ескере келе, жаңа мектеп салу, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқытудың алдын алу басым бағыттардың біріне айналды. Өткен жылдың қыркүйек айында үш ауысымдыққа көшуі мүмкін болған облыс орталығындағы 6 мектептің 4-уіне  1 850 орындық қосымша ғимараттар салып, іске қостық. Қызылорда қаласы, Бәйтерек шағын ауданынан пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектеп 2 мектептің (№№ 261, 280) сыйымдылық жүктемесін төмендетті. Былтыр Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты ел игілігіне табысталса, жыл басында  550 орындық 2 жаңа мектеп  пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 мектеп салуға қатысты жұмыс жасаудамыз. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Өткен жылы 10 мектептің  іргетасы қаланса, биыл 11 мектептің құрылысы басталады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыстағы 6 апатты мектептің (Арал №248 , Қазалы №94, Қармақшы №105, 108, Шиелі №45, 133) 4-еуінің мәселесі «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін тапса, қалған 2 мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» мен жеке инвестор есебінен салынбақ.

Дарынды балаларды қолдау үшін Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында мектеп-лицей-интернаттар жұмысын бастады. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қаласынан 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен сол жағалаудан құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталады. Балаларды қосымша біліммен көбірек қамту  мақсатында «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы салынуда. Сонымен қатар, биыл облыс орталығынан құны 11 млрд. теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» бой көтереді. Осы бағытта, Жаңақорған және Шиелі кенттерінен 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі 2024-2025 жылдары салынатын болады.

Жиында мектеп оқушыларына сапалы тамақ беру, балабақшалардағы балалардың жалған тізімін болдырмау, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары сараланып, нақты тапсырмалар берілді.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.01.2024
  • 189
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика