• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК АЙМАҚ АТАНДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте 2024 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ант берді.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың баяндауынша, есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%  құрады. Аймақтар арасында ең үлкен өсім Сыр өңірінде тіркелді.

«Өңірлер арасында барлық 7 даму көрсеткіші бойынша 3 өңірде, яғни Қызылорда, Павлодар облыстары мен Астана қаласында үздік өсім тіркелді», – деді Н.Байбазаров.

Бірінші айдың қорытындысын өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда құрылыс саласындағы өсім 210,9%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 127,3%, өңдеу өнеркәсібі саласы мен жеке инвестициялар бойынша 122,1% болды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, мән-жайды нақтылап, тиісті тапсырмалар берді.

Аймақ басшысы алғашқы ай қорытындысымен даму қарқыны баяулаған салаларда жұмысты жандандыруды тапсырып, бюджет қаражатын игере алмаған басшылар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

«Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің игерілуі қаралды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға төмендеген. Былтыр кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68 257 болса, биыл  66 061. Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдеріне, облыстық бағдарлама әкімшілеріне ай сайын жоспарланған қаражатты толығымен игеруді қатаң тапсырамын. Қаржының игерілуі төмен болса, жұмыс сапасыз орындалса бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 13.02.2024
  • 226
Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика