- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Азаматтарды қабылдау орталығына Астана, Алматы қалалары және Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының тұрғындары Азамат Есқараевқа бірнеше мәселелермен келді. Оның ішінде жеке сот орындаушылар қызметі, сот-медициналық сараптама қорытындысы және жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша шағымдар айтылды.
Әділет министрі туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынатынын айтты. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша министр әділет органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Өз кезегінде Азамат Есқараев азаматтарға әрқашан қолдау көрсетуге және қажетті мәселелерін шешуге дайын екендігін жеткізді.
- 14.02.2024
- 229