• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЧОЛЛАБУК-ДО ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасы Чоллабук-до провинциясы Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Ким Дэ Сик бастаған делегациямен кездесті.

Аймақ басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынас орнағанын атап өтіп, делегация сапарының жемісті әрі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.

«Чоллабук-до провинциясы Кореяның басты ауыл шаруашылық аймағы ретінде бізге аса қызықты. Егін шаруашылығына озық технологияларды енгізу, «ақылды ферма» және замануи жылыжайлар салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында тәжірибе алмасып, бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруды ұсынамыз. Біздің өңірлеріміздің экономикалық бағыты ұқсас. Қызылорда облысы еліміздегі күріш пен ас тұзының 90%-дан астамын өндіреді, сондай-ақ балық пен мал шаруашылығы да  дамыған. Осы ретте, салаға инновациялық әдістерді енгізу үшін кореялық тәжірибені зерттегіміз келеді. Жаһандық климаттың өзгеруі салдарынан су тапшылығы орын алуда. Құрғақшылыққа төзімді және тиімділігі жоғары, аймақтың климатына сай, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын шығару мақсатында корей ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасауға ниеттіміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұнан бөлек, облыс әкімі аймақта тәулігіне 102 тонна тыңайтқыш өндіретін кәсіпорын жұмыс жасайтынын атап өтіп, осы бағытта әріптестік орнатуды ұсынды. Мекеменің тыңайтқышты экспорттауға мүмкіндігі жоғары және дайын.

Ким Дэ Сик облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Корея Республикасының делегациясы қайта жаңғыртудан өткен Хон Бом До мемориалдық кешенімен танысып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректорымен кездеседі және өңірдегі бірлесіп жүзеге асыратын жобалармен танысады деп жоспарлануда.

Еске салсақ, Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылдың мамыр айында облыс делегациясымен бірге Сеул, Тэджон және Чонджу қалаларында іссапармен болып, сапар нәтижесі бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды. Сол жолы Тэджон қаласы және Чоллабук-до провинциясының басшыларымен, әлемдік деңгейдегі университет президенттерімен кездесулер өткізіліп, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың қараша айында Қорқыт ата университетінің базасында СеулТех университетінің жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.

Одан бөлек, Чоллабук-до провинциясының Халықаралық ынтымақтастық агенттігі мен Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 18.03.2024
  • 260
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика