• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көктемгі егінге әзірлік барысын баяндады.
«Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнім көлемін 5 жылда 2 есеге арттыру тапсырмасына сәйкес, облыста 187 мың гектар жерге дақылдар егіледі. Оның ішінде күріш көлемі - 83,9 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемін 6,4 мың гектарға, оның ішінде күрішті 5 мың гектарға азайттық. Орнына суды аз қажет ететін дақылдар егісін арттырамыз. Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайы күрделі болғандықтан, су лимиті әлі белгіленбеген. Мемлекетаралық Су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында вегетация кезеңіне су лимиті белгіленгеннен кейін егіс көлемі қайта нақтыланатын болады. Бөлінген лимитке сәйкес күріш егісі әлі де қысқаруы мүмкін. Өңірде көктемгі егін егу жұмыстары наурыз айының 1-ші онкүндігінде басталды, мамырда аяқталады. Күріш сәуір айының 3-ші онкүндігінде себіле бастайды. Ерте егілетін дақылдар - жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары, қант құмайы жерге орналастырылуда. Бүгінгі күнге 16,5 мың гектары егілді», - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, су үнемдейтін озық технологияны енгізу биыл 4,2 мың гектарға жеткізіледі. Оның ішінде тамшылатып суару әдісімен «Таң ЛТД» ЖШС 800 гектар жүгері, «Qaratau Fruits» ШҚ 80 гектар қарқынды бақ, «Ер Әлі» ШҚ 15 гектар, майда шаруашылықтар 1800 гектар, жеке қожалықтар 1005 гектар көкөніс, бақша егеді. Жаңбырлатып суару әдісімен «РЗА Агро» ЖШС 260 гектарға сүрлемдік жүгері, «Gamil Pro» ШҚ 200 гектар жоңышқа, «Жетікөл Жер» ЖШС 40 гектар күнбағыс егуді жоспарлаған.
Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан, атыздарда су үнемдеудің бірден-бір жолы - лазерлік тегістеу. Биыл күріш алқаптарының 70 пайызы лазермен тегістеледі. Бұл суды 20 пайызға дейін үнемдеуге және өнімділікті 30 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Су тапшылығы жағдайында суды екінші рет қайта пайдалану үшін 351 су насосы дайындалды. Кепілді өнім алудың алғашқы шарттарының бірі - тұқым және минералдық тыңайтқыштарды өз деңгейінде пайдалану. Тұқым дайындауда ешқандай мәселе жоқ, 100 пайыз қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштарға қатысты қосымша қаржыландыруды күтпей, жыл басында тыңайтқыш жеткізушілер және өндірушілермен жасалған келісімдер нәтижесінде бүгінгі күнге 52,8 мың тонна тыңайтқыш шаруашылықтарға жеткізілді. Бұл - қажеттіліктің 83 пайызы. Қаржысы шаруашылықтар және инвесторлар есебінен шешілді.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы көлемі 26,7 млрд. теңгені құрайды. Оның 87,1 пайызы немесе 23,3 млрд. теңгесі қаржыландырылды. Каналдардың 134 шақырымы тазаланып, гидротехникалық құрылыстардың 75-і жөндеуден өтті. Ауыл шаруашылығы техникалары толық жөнделіп, егін егу науқанына қатысуда.
Шаруашылықтардың қажеттілігіне сәйкес облысқа бөлінген 12,9 мың тонна арзандатылған дизельдің 40 пайызы жеткізіліп, 1 литрі 250 теңгеден босатылуда.
Баяндама соңында Нұрлыбек Машбекұлы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жеке бақылауында екенін және тиісті министрліктермен тығыз жұмыс жүргізілгенін айтты.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.04.2024
  • 232
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика