• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
КЕЛЕСІ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЗІРДЕН БАСТАЛМАҚ

Бүгінгі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру маусымының аяқталуы, келесі жылу беру маусымына дайындық және коммуналдық мекемелердің қарыздары бойынша мәселелер қаралды.  

Жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы маусымға дайындық жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин баяндады.

Аймақ басшысы облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өткенімен,  қыста тұрғындарды электр жарығымен, көгілдір отынмен қамтуда бірқатар мәселе туындағанын атап өтті.

«Жалпы өңірімізде жылу беру маусымы тұрақты өтті деуге болады. Ағымдағы жылғы 29 наурыз күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде газ құбырында авариялық ақау орын алып, салдарынан 6 мыңға жуық абонент және 4 әлеуметтік нысан 12 сағатқа газдан ажыратылды. Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы, Ана мен бала орталығы, туберкулезге қарсы диспансер бар. Мұндай жағдай жылу беру маусымында жеке мекемелердің іс-әрекетінен екінші рет қайталануда. Құрылыс мекемелері көп жағдайда жерді қазу, инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қосылу жұмыстарын жауапты мекемелердің қатысуынсыз жүзеге асыруда. Бұл, өз кезегінде, жауапты мекемелердің тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Алдағы жылу беру маусымына дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Барлық әлеуметтік нысандар қазан айына дейін, ал мектептер тамыз айының соңына дейін жылу беру маусымына дайын болуы тиіс», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұнан бөлек, жиында бюджет қаржысын игеру, коммуналдық кәсіпорындардың өзара берешектерін өтеу және штаттық кестесін оңтайландыру, әлеуметтік нысандарды табиғи газға ауыстыру сынды мәселелер талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, бюджеттік бағдарлама әкімшілері, жылу-энергия нысандарының басшыларына ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі қалалық және аудандық штабтар құрып, іс-шаралар жоспарын бекіту тапсырылды. Облыс орталығы мен аудандарда әлеуметтік нысандарды газ отынына көшіру бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды 1 мамырға дейін әзірленуі тиіс. Мұнан бөлек, «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесіне жылу орталығының қазандықтарымен жылу желілеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін аяқтау міндет қойылды.

             

  • 10.04.2024
  • 228
Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика