• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  Ұлы Отан соғысының ардагерлері Төлеген Жүнісовтің және Әбдірахман Бәйтіковтің үйіне арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын табыстады. 
"Біз  Отан үшін от кешкен аға буынның ерен ерлігі мен еселі еңбегінің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Өскелең ұрпақ ардагерлеріміздің даңқты жолы мен қаһармандық шежіресін үнемі үлгі тұтады" делінген Президент құттықтауында.  Ардагерлерге құрмет көрсетуге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та барды.
Төлеген Жүнісұлы 1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, Украинаны жаудан азат етуде ерліктің ерекше үлгісін көрсетті.  Берлинге дейін жеткен майдангер жеңістен кейін елге қайтарылмай, патрульдік қызмет атқарған. 1946 жылы елге оралған соң өз ауылында бейбіт еңбекке араласты. Теміржол саласында жол монтері болды. 1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етті. Жауынгерлік ерлігі үшін «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги», «За отвагу», «КСРО қарулы күштеріне – 60 жыл», «КСРО қарулы күштеріне – 70 жыл» және бейбіт күнде «Еңбек ардагері», «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Бүгінде ақсақал  - 2 қыз, 1 ұлынан тараған 8 немере, 2 шөберенің  атасы.
Облыс әкімі ізгі тілегін жеткізіп, ардагерге сый-сияпат көрсетті. Аға ұрпақтың егемен еліміздің өсіп-өркендеуіндегі ерекше рөлін атап өтті.
 Әбдірахман Бәйтікұлы 1942 жылы Ашхабад қаласындағы командирлер дайындайтын курсқа түсіп, оны аяқтамастан майданға аттанған. 1943 жылы Курск доғасында ауыр жарақат алып, ІІ топ мүгедегі болып, 1944 жылы 20 жасында елге оралған. ҰОС жылдарындағы көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың ІІ  дәрежелі медалімен, "Қарулы күштердің 50 жылдығы" орденімен, "Жеңіске 20, 30, 40, 55, 65, 70, 75 жыл", тағы да бірнеше медальдармен марапатталды. 1944 жылы соғыстан оралған соң "Кооператор" (кейінгі атауы "Комсомол") колхозының қой шаруашылығында учетчик, есепші және зейнет жасына дейін бригадир болып жұмыс атқарған. Бүгінгі күні 10 баладан тараған 30 немере, 35 шөберенің атасы.
Айта кетейік, Жеңістің 79 жылдығына облыста арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда мерекелік құттықтаулар, қайырымдылық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету шаралары қамтылған. Бүгінде аймағымызда Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен оларға теңестірілген 3948 ардагер бар.  Мереке қарсаңында бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Облыстағы Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне 2 млн 510 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 10.05.2024
  • 239
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика