• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету, оқу жылының аяқталуы, каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
«Үкімет өңдеу өнеркәсібі экспортының өсімін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келеді. Шикізатқа тәуелділікті азайту және экономиканы әртараптандыру – еліміздің даму саясатындағы негізгі стратегиялық бағыт. Жергілікті кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып, экспорт нарығын кеңейтуі қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырамын.
Қазір біздің алдымызда биылғы оқу жылын нәтижелі аяқтау және балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар. Қорытынды іс-шаралар, салтанатты аттестат табыстау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Ысырапшылдыққа, даңғазалыққа шектеу қоюды, мерекелік кештер ұйымдастыруға қатаң тыйым салуды тапсырамын. Оқу жылының аяқталуына орай атқарылатын жұмыстарға мүдделі облыстық басқармалар, департаменттер, қала және аудан әкімдіктері жұмылуы, арнайы жоспар әзірлеуі қажет. Жазғы тынығу лагерьлерінің дайындығына қатысты анықталған кемшіліктерді 1 апта ішінде шұғыл қалпына келтіріп, 25 мамырға дейін сақадай сай болуын қамтамасыз етіңіздер. Балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыруда ешқандай мәселе болмауы тиіс. Лагерьлерге бару-қайту кезіндегі жол қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын.
Алдағы күндері студенттер де оқу жылын аяқтап, ауылдарына қайта бастайды. Түнгі уақытта кафе, мейрамхана, компьютерлік клубтарға бақылауды күшейту қажет. Оқыс оқиғалар мен топтық төбелестің алдын алуға учаскелік полиция қызметкерлерін жұмылдырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіздер», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Өткен жылдың қорытындысына қарағанда, облыстың сыртқы сауда айналымы 2 есе өскен.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі саласында 30-ға жуық экспорттаушы кәсіпорын бар. Экспортқа күріш, балық өнімдері, ас тұзы, цемент, шыны, уран шала тотығы және аммоний метаванадаты сияқты өңделген өнімдер шығарылады.
Маусым айында шыны зауыты жанынан 6,7 млрд. теңгенің энергия үнемдейтін шыны өндірісін іске қосу жоспарлануда. Осылайша жылына 5 млн. шаршы метр шыны өндіріліп, ішкі нарыққа, сонымен бірге Ресей және Орта Азия елдеріне жеткізу көзделуде.
Жиында облыс әкімі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда «Адал адам» рухани-мәдени орталықтарының әлеуеті барынша пайдаланылуы керек екенін атап өтті. Каникул уақытына арналған арнайы жоспар әзірлеп, ондағы шараларды үйлестіруді жүктеді. Сондай-ақ, тынығу лагерьлерінде балаларға берілетін азық-түліктің сапасына, жарамдылығына мониторинг жүргізіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін қатаң бақылауда ұстау қажет екенін назарға салды.

  • 23.05.2024
  • 218
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика