• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен "Қорқыт Ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалына барды. Еске салсақ, жаңа терминал салуды  "Болат Өтемұратов қоры" қаржыландырған.   Жұмыстар өткен жылдың ақпанында басталды.
 5 маусым күні Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен  терминалдың тапсырыс берушісі  «Accent Development Solutions» ЖШС арасында қабылдау-беру актісі жасалып, қол қойылды. 
Жергілікті бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы бөлініп,  әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (су, кәріз, электр және байланыс, интернет желілері, бу қазандығы мен КНС) жеткізілді. Бүгінде «Сәт-Сервис» ЖШС әуежай аумағын абаттандыруды, сыртқы кәріз желісін жүргізуді аяқтады, орындықтар орнатылды, асфальт жабыны және тас төселді. Ағаш егу және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. «Иман» ЖШС  480 метрлік  төрт жолақты автокөлік жолының екі қабат асфальт жабынын және тас (брусчатка) төседі.  Жарық шамдары орнатылып, көгалдандыру қарқын алған. Бұл жұмыстар маусым айының ортасында толық аяқталатын болады. Жаңа терминал халықаралық стандартқа сай. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.
Аймақ басшысы қаланың  әуе қақпасының тазалығы мен көркемдігіне баса назар аударуды,  барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды.
Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы сол жағалаудағы нысандардың құрылыс барысын көрді. Бұл аумақта  мектеп, Оқушылар үйі, теннис орталығы секілді бірқатар нысан бой көтермек. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Былтыр 6900 орындық 10 мектептің құрылысы басталса, биыл 5400 орындық 11 мектеп құрылысы қолға алынады деп күтілуде. Бұдан бөлек, қалада 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жуырда  350 орынға арналған заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы бой көтере бастады. Нысан  «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен салынуда. Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауында үстел теннисі орталығының, орталық стадионның құрылысы басталды.
Сәуір айында  «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 650 орындық заманауи үлгідегі музыкалық колледж ғимаратының іргетасы қаланды. Үш қабатты ғимарат құрылысы  тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге, бас мердігер – «Интегрострой»  ЖШС.
Қан орталығының құрылысы  бітуге жақын, нысан жуырда пайдалануға берілмек. Орталық жылына 5000-10000 адамға қызмет көрсетеді. 
Аймақ басшысы қала әкімі Серік Қожаниязов пен жауапты басқарма басшыларына барлық нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты қадағалауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 07.06.2024
  • 217
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика