• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібавтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының, «Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының» жүзеге асырылуы қаралды.

Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар тапсырма жүктеді.

«Өздеріңізге белгілі, елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізуге бюджеттен қаржы қаралады. Дегенмен волонтерліктің насихаты жеткілікті емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және күресуге қоғам болып жұмылу маңызды. Жобаның әр бағыты бойынша жұмысты жандандыру керек. Жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» деген жеке бөлім бар, онда 3 бағыт бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген бағыттардың бірқатары бұған дейінгі комиссия отырыстарында қаралып, тиісті тапсырма берілді. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қоры мен бағасын реттеу мәселесі облыс әкімдігі мәжілістерінде ұдайы қаралып келеді. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 97,7 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмен қалыптасты. (ҚР-104,7%). Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтер бағасы республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, біз бағаны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз және нарықта халық тұтынатын тауарлардың жеткілікті қоры болуы қажет. Биыл да осы бағыттағы жұмыс жалғасуы керек. Сондай-ақ, аймақта тұрғындарды газбен қамтамасыз ету қарқынды жүруде. Осы нысандарды уақытылы қабылдап алу және республикалық меншікке өткізу өте маңызды, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

  • 18.06.2024
  • 176
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика