• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобымен кездесті. Шығармашылық топ  Мемлекет басшысының бастамасымен қасиетті мекендер туралы бағдарлама түсіруде.
Құрамында актер Абубакир Ханходжаев, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаев, «Бекет» газетінің бас редакторы, журналист, блогер Сафуан Өтебаев, «Айғақ» телеарнасының журналистері бар. 
Аймақ басшысы қонақтарды Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Ақпарат айдынында үздіксіз қалам тербеген журналистердің еңбегі әрдайым елеулі. Сөз тізгінін ұстаған тілшілер қауымы еліміздің мәдени-рухани өміріне өлшеусіз үлес қосып келеді. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың басты жаңалығы - Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Масс медиа» туралы заңға қол қойды. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Қалам ұстаған қауымның құқығы заңмен қорғалады. Бұл  – бұқаралық ақпарат құралдарын замана көшіне ілестірудегі, саланы дамытудағы ауқымды жұмыстардың бірі ғана. Шығармашылық топтың Ұлытау облысында өтетін  «Көкмайса -2024» фестиваліне қатысып, «Жошы хан» кесенесіне баратынынан хабарым бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Сондықтан біз Ұлытау жеріне ерекше құрметпен қараймыз!» деп, киелі мекеннің қазақ тарихы үшін маңызын атап өткені белгілі. Осы ретте, Президентіміздің бастамасын қолдап, қасиетті мекендер туралы бағдарлама түсіруде Дулат Назарбекұлы, өзіңіз бастаған шығармашылық топтың жұмысына сәттілік тілеймін», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыс әкімі топ мүшелеріне Сыр жұртшылығының атынан ілтипат білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде, топ жетекшісі Дулат Әбіш аймақ басшысына алғыс білдірді. Шығармашылық топтың сапары киелі Түркістаннан басталып, Алаштың анасы - Сыр өңірінде жалғасып, ұлт ұясы - Ұлытауда мәресіне жетеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.07.2024
  • 261
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика