• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қызылордада Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра  – халық мұрасы» фестивалі өтті. Жаңарған Орталық алаңдағы тағылымды іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев,  ардагерлер, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін мерекемен құттықтап, әр қазақтың асыл қазынасы - домбыраның қасиетті Сыр елі үшін ерекше маңызын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн» деген болатын. Биыл «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде «Руханият жылы»  жарияланды. Мерейлі жыл аясында тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Наурыз мерекесінде 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға берілді.  Қызылорда қаласының сол жағалауынан  облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының құрылысы басталды. Жыл соңына дейін Сыр өңірінің жазба мәдениетін насихаттайтын «Алаш әдебиеті» музейі ашылады. Барлық 7 ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін, типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынуда.  Облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», 2 ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептерінің құрылысы жүруде. «Саутс ойл» компаниясының демеушілігімен мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне өзіндік үлесін қосқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты салынуда. Былтырдан бері қасиетті мекеннің абыройын асырып, бақ-беделін сақтауға үлес қосып жүрген мәдениет және өнер, әдебиет өкілдеріне облыс әкімінің  «Тұран» арнайы сыйлығын табыстауды бастадық.  Аудандардағы өнер ұжымдарына 100 домбыра тарту етілді. Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында республикада алғашқы болып 171 мәдениет үйі мен клубтарда 7 бағыт бойынша «Адал адам – мәдени-тәрбие беру орталығы» жобасы іске асырылуда», - деді аймақ басшысы.
Мерекелік кеште Базардың термесі, Жиенбайдың жыр бастауы, «Жез киік», «Терісқақпай», «Сарыарқа» секілді  туындылар орындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.07.2024
  • 177
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика