• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ГАЗБЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері талқыланды.  Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі жағдай мен биылға арналған болжамды жоспар туралы баяндады.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте аталған мәселе бойынша аймақтағы жағдай қаралып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берілді.  

Энергетика министрлігінің 26 маусымдағы №233 бұйрығына сәйкес, 1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өсті. Нақтырақ айтқанда, өңірімізде шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін - 70 теңге, ал, облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықта орналасқан шалғай аудандарда - 75 теңге. Тұтынушыларға арналған баға 9%  өссе, газ желісі ұйымдары үшін газ өңдеу зауытынан сатып алынатын баға 12% қымбаттады. Қазір облыс аумағындағы 210 автогаз құю бекеті арқылы 25 оператор жұмыс жасайды. Шілде айына аймаққа 6 756 тонна газ бөлінді.

Жиында сұйытылған газдың басқа облыстарға кетпеуін қадағалау, газ құю станцияларының тиісті заңнама талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу қажеттігі ескертілді.

Мұнан бөлек, елді мекендерді газдандыру жайы қаралды. Өткен жылдың қорытындысына қарасақ,  тұрғындарды табиғи газбен қамту үлесі 75 пайыз болды, 12 елді мекен табиғи газға қосылды. Осылайша газдандырылған ауылдар саны 35-ке жетті. Биыл республикалық бюджеттен 20 жобаға 5,9 млрд теңге берілді. Бұдан бөлек, «Самрұқ-Қазына» акционерлік қоғамы 16 газдандыру жобасын қаржыландыруға 24 млрд теңге бөлді.  Жыл соңына дейін 11 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылып, "көгілдір отынмен" қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына газдандыру жобаларын бақылауға алып, жұмыстың мерзімінде және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

 

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 18.07.2024
  • 205
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика