• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жолдағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін сақтаудағы мәселелерге тоқталды.
«Өткен жылы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді. Биыл жергілікті бюджеттен тағы 2,1 млрд. теңге берілді. Оның ішінде полиция инспекторларына 18 қызметтік автокөлік табысталды. Алдағы уақытта бюджетті нақтылау барысында тағы да  қосымша қаржы бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда қаласы аумағына 100 бейнебақылау камерасы мен 10 «Сергек» қондырғысы орнатылды. Бұдан бөлек, 10 «Ekin Patrol G2»  және 21 «Vuewo» мобильді кешені жұмыс жасауда. Дегенмен, Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғалары 120-ға, қайтыс болғандар саны 5-еуге, жарақат алғандар саны 150-ге артқан. Биылғы 6 айда 58 жаяу жүргіншілерді көлік қағу жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш  өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 77,5 пайызға өскен. Жүргізушілерге қатаң талап қойып, полиция қызметкерлерінің жұмысын күшейту қажет. Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс», - деді аймақ басшысы.
Жол-көлік оқиғаларының саны өскен Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында жағдайды қатаң бақылауға алып, жергілікті полиция бөлімдері профилактикалық шараларды күшейтуі керек.
Жиын қорытындысымен жолдар мен көшелерге жол белгілерін орнатып, тозығы жеткендерін жаңарту, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы елді мекендер тұрғындарына малды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндірме жұмысын күшейту  тапсырылды. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алу қажет. Қызылорда облыстық полиция департаменті  авариялық қауіпті учаскелерді анықтап, рейдтерді тұрақты ұйымдастыруға жауапты болмақ. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол белгілерін бір апта ішінде қалпына келтіруі тиіс.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.08.2024
  • 165
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика