• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда 140 астам сот-медициналық сарапшысы жетіспейді

Қазақстанда 140 астам сот-медициналық сарапшысы жетіспейді. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында мәлімдеді. Министрдің сөзінше қазіргі таңда сот сарапшысының мәртебесін көтеру мәселесі өзекті болып тұр. Құқық қорғау органдары тарапынан сот сараптамасы қызметіне сұраныстың жоғары болуына қарамастан кадр тапшылығы анық байқалады. Оған еңбек ақының төмендігі, жоғаржы жүктемелі жұмыс кестесі және әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы себеп - деді министр.

Әділет министрлігінің дерегінше Сот сараптама орталығында 1076 сарапшы жұмыс істейді. Алайда сараптама көлемы жыл сайын артуда. Мәселен 2023 жылы сот-сараптама мамандықтарының 57 түрі бойынша 408 924 сараптама жасалған. Бұл орташа есеппен айына бір сарапшыға 34 сараптама қорытындысын жасауға тура келеді дегенді білдіреді. Айта кетейік сот-сарапшылары мен сот медициналық сарапшыларының жалақысын қотеру үшін жыл сайын 1,158 млрд. теңге қаражат қажет.

Сонымен қатар депутаттарға еліміздері мәйітхана ғимараттарының тозғандығы туралы баяндалды. Институттардың ғимараттары (Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығын қоспағанда) техникалық тұрғыдан жарамсыз, моральдық тұрғыдан ескірген және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу үшін арнайы жарақтандырылған ғимараттарға қойылатын стандарттар мен талаптарға (аудан нормасы, инсоляция, дыбыс оқшаулау, желдету деңгейі) сәйкес келмейді.

«Аумақтық бөлімшелердің барлық ғимараттарында атыс және газ қаруларына, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарға, өнеркәсіптік жабдықтар мен көлік құралдарының бөлшектеріне, өрттер мен жарылыстардан қалған қалдықтарға эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар жоқ» деді Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Руслан Сатывалдеев.

Өз кезегінде сенаторлар бұл мәселені назарларына алып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, қажет болса заңнамаға өзгерістер енгізуге әзір екендіктерін айтты. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының ғимаратын аралап, жұмысымен танысты.

  • 05.09.2024
  • 86
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика