- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
2024 жылғы 12 маусымында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы Лорд Бернетт және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) торағасы Томас Крюммель арасында кездесу өтті
Кездесу барысында Лорд Бернетт және Томас Крюммель ҚР Әділет министрін АХҚО соты мен ХТО қызметінің нәтижелерімен таныстырды. Осылайша, осы алаңдар даулар шешу бойынша дүниежүзілік деңгейлі қызметтерді көрсетіп, Қазақстанға инвестицияларды тарту жөніндегі маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Кездесуге қатысушылар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
- 05.09.2024
- 37