• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтың құрылыс саласындағы өзекті мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға өңірде тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды салатын құрылыс компаниялардың басшылары шақырылды.

Жауапты тұлғалар елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу барысын баяндады.

Айта кетейік, облыс орталығы бүгінде қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістердің ордасына айналды. Биыл 187 құрылыс салынуда. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында қаржыландырудың барлық көзінен өңірімізде 869 мың 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Өңірде жыл басынан бері 750-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады.

Жыл басынан бері 1000 орындық Өнер орталығы, заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. "Қорқыт ата әуежайының" жаңа терминалы - жерлестеріміз үшін өте маңызды жоба. Жаңа нысан жақын күндері ел игілігіне табысталады.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Орталық 2025 жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ,

Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы шеңберінде 623 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізіледі.

Биыл «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика мектеп-интернаты, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп ел игілігіне табысталады. Облыс орталығында Шығармашылық академиясының, көпбейінді аурухананың құрылысы салынуда. Қан орталығы пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынатын 27 нысанның өткен жылы 16-сы ел игілігіне табысталды.

Жыл соңына дейін 11 медициналық нысан пайдалануға беріледі.

Сол жағалауда Үстел теннисі орталығының, Орталық стадионның құрылысы қарқынды жүруде.

Барлық ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін «Руханият» орталықтары, сол жағалауда жаңа өлкетану музейінің құрылысы бой көтеруде.

Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеушілер есебінен жаңғыртудан өтті.

Алдағы уақытта елдің игілігі мен балалардың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Аймақ басшысы барлық жобаларды тиянақты жүзеге асырып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, жиында алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды. Жауапты мекемелерге жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтап, барлық нысанның дайындығын қатаң қадағалау тапсырылды.

  • 17.09.2024
  • 95
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика