• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Астанада ҚР Әділет министрлігі мен Maqsut Narikbayev University ұйымдастыруымен, Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернасконидің қолдауымен, электронды апостиль бағдарламасы бойынша 13-ші Халықаралық форум өтті. Бұл іс-шара ерекше маңызға ие және осындай ауқымды форматтағы форум алғаш рет Орталық Азия елінде өткізіліп отыр.

Форумға 16 елдің сарапшылары мен практиктері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар «Е-Апостиль» бағдарламасын енгізу мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ бұл жүйені одан әрі жетілдіру үшін бірлескен ұсыныстар әзірленді.

«Бұл 2019 жылдан бері, Бразилияның Форталезасында өткен 11-ші e-APP форумынан кейінгі алғашқы ашық форматтағы кездесу. Сондықтан толық форматқа оралу және 300-ден астам қатысушының, соның ішінде 70 келіссөз жүргізуші тараптары мен Конвенцияға мүше емес үш мемлекеттің өкілдерін көру ерекше қуантады»,- деп атап өтті Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернаскони.
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев: «Электрондық апостиль — халықаралық құжат айналымын жеңілдету, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам» деп форумның маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда аталмыш форумды өткізу – елдің апостилизация процестерін цифрландыру саласындағы көшбасшылық орнын атап көрсетеді. Мұндай форумдар бұған дейін Америкада, Еуропада және Азияда өтті және Қазақстан халықаралық деңгейде апостилизацияның цифрландыру мәселелерін талқылайтын негізгі орталыққа айналды.
Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар әзірленді:
- «Е-Апостиль» жүйесінің мемлекеттік реестрлермен интеграциясы;
- электронды қолтаңбаларды және мөрлерді верификациялау механизмдерін жетілдіру;
- азаматтардың электронды апостильдің артықшылықтары туралы хабардарлығын арттыру.
Қабылданған келісімдер бүкіл әлем бойынша құжаттарды цифрлық апостилдеу саласында озық тәжірибелердің одан әрі дамуына және таралуына ықпал ететін болады.

  • 11.11.2024
  • 72
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика