• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Алдымен облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймаққа арнайы келген ҚР Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектеновтің жұмыс сапарының қорытындылары туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен облысқа Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов арнайы жұмыс сапармен келіп, аймағымыз үшін ауқымды, тарихи маңызды жобалардың бірі «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын салтанатты түрде ашты. Жеке инвестор, жерлесіміз «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен салынған заманауи үлгідегі жаңа терминалда жолаушыларға барлық жағдай қарастырылған. Жаңа терминал сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетуге, сауда-логистикалық әлеуетті дамытуға және жаңа рейстер ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Қызылорда қаласы және Бесарық ауылындағы бірқатар жаңа нысандармен танысты. Сапар қорытындысында аймағымызда атқарылған ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл баға барша жерлестеріміздің бірлігі мен тату тірлігінің жемісі деп білемін. Президентіміздің Сыр өңіріне деген ерекше қамқорлығы жаңа бастамаларға жол ашты.

Үкіметтік делегацияның өңірге жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан барша әріптестеріме, зиялы қауымға, БАҚ өкілдеріне, кәсіпкерлер қауымына, «Қорқыт Ата әуежайының» ұжымына, Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы әкімдіктеріне шынайы ризашылығымды білдіріп, алғысымды жеткіземін», – деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

«Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шараларды тиянақты ұйымдастырыңыздар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, оның ішінде түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарын уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіңіздер.

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен берілетін тегін дәрі-дәрмектің тұрғындарға толық жеткізілуін қадағалап, тоқсан сайын есебін жүргізіңіздер. Өңірдегі емдеу мекемелерінде госпитальді фармация бөлімдерін ашу мәселесін жан-жақты зерделеп, ұсыныс беріңіздер», – деді аймақ басшысы.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.11.2024
  • 103
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика