• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИТАЛИЯДАҒЫ, МАЛЬТА ЖӘНЕ САН-МАРИНО РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Италияға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар.

Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту.

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Италиядағы, Мальта және Сан-Марино Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаевпен кездесті. Басқосуда Қызылорда облысы мен Италия арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған жұмыстар талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық және шетелдік инвестиция тартып, халықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырғаны белгілі. Қызылорда облысы мен Италия арасындағы ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылауға ие болғанымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Италия – Қазақстанның Еуропадағы ірі серіктестерінің бірі және біздің облысымыз итальяндық компаниялармен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі.

Осы елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін, машина жасау, баламалы энергия көздері салаларындағы мол тәжірибесі аса құнды. Біз осы тәжірибені игеруге қызығушылық танытудамыз. Іссапарымыз өзіңіздің қолдауыңызбен нәтижелі болады деп сенемін», – деді Н.Нәлібаев.

Кездесуде Ерболат Сембаев өндірісті дамыту ел экономикасының маңызды бағыты екенін атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты күшейтуде тиісті жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі соңғы бір жылда оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Сыр өңірі өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны бойынша 2022 жылы республикада 11-орында болса, өткен жылдан бері алдыңғы қатарда.

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық тартымдылықты арттыруда ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Кейінгі 3 жылда облыста құны 30 млрд. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске қосылды.​Жуырда 16 млрд 600 млн теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Инвестор 215 млрд. теңгеге жаңа жобаның құрылысын жүргізуде. Жалпы құны 28 млрд. теңгені құрайтын «жасыл» энергия саласын дамыту бағытындағы екі жоба бар. Атап айтқанда, 50 мегаваттық жел-электр («Уранус Уинд» ЖШС) және 40 мегаваттық күн-электр станцияларының («Тесис» ЖШС) құрылысы қазан айында басталды.

Сондай-ақ, былтырғы Оңтүстік Корея сапарының нәтижесінде биыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды.

Айта кетейік, аймақ басшысы сапар барысында өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық, құрылыс салаларына инвестиция тарту мақсатында «Confindustria», «SGMGroup», тағы басқа ірі компаниялардың басшыларымен кездеседі.

Делегация әрі қарай Испанияның Барселона қаласында да осы бағыттағы кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 04.12.2024
  • 79
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика