• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаслан Мәдиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысына барды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі цифрландырудың барысымен танысу, IT-инициативаларды қолдау және аэроғарыш саласының мәселелерін талқылау.

Сапардың бірінші күні министр Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Бәйтерек» жобасын іске асыру және оны іске қосуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, дайындықтың негізгі кезеңдері және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесу өткізді. Онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және ғарыш айлағының 70 жылдығына дайындық мәселелері қаралды.

Ерекше назар халыққа қызмет көрсету орталығына (СуперЦОН) аударылды. Аталған орталықта бір тоқсан ішінде серіктестермен бірге 3 095 қызмет көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы «СуперЦОН» – бұл азаматтарға мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ұсыну процесін едәуір жақсартуға бағытталған инновациялық орталық. Оның мақсаты – азаматтар көптеген қызмет түрлерін бір жерде ала алатын көпфункционалды инфрақұрылым құру.

2024 жылы орталық көрсетілген қызметтер саны, қызмет көрсету сапасын арттыру және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Орталық 11 фронт-офисті, 19 бэк-офисті, арнайы ЦОН-ды және халыққа қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірнеше бөлімшені қамтиды. Жыл басынан бері орталық әлеуметтік қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық қызмет көрсету, құжаттар мен анықтамаларды беру сияқты бағыттар бойынша 480 мыңнан астам қызмет көрсетті.

СуперЦОН жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді. Азаматтардан түскен шағымдар деңгейі бір жылда 48%-ға төмендеді. Жер жобасын рәсімдеу мерзімі 45 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал қайталама куәліктерді беру уақыты небары 30 минутты құрайды. Құжаттарды тез рәсімдеуге және жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасы іске қосылды, бұл азаматтардың уақытын және шығындарын айтарлықтай қысқартты. Сонымен қатар, СуперЦОН-да электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды. Бұл жұмыс процесін оңтайландырып, қағаз, кеңсе тауарлары және көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Министр сондай-ақ орталық инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалармен өзара әрекеттесуді жеделдету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жоспарларымен танысты.

Осыдан кейін Жаслан Мәдиев азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады.

  • 08.01.2025
  • 129
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика