• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
AlchemistX & Silicon Valley Residency нәтижелері: Стартаптар $1,4 млн инвестиция тартты

AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларының нәтижелері бойынша Орталық Еуразиядан 22 стартап Кремний алқабында айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Бағдарлама қатысушыларының 2025 жылға болжанған табысы $17 млн-ға жетіп, олардың халықаралық аренада әрі қарай өсу мүмкіндіктерінің зор екенін дәлелдейді.

AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламалары қатысушыларға алғашқы келісімшарттарды жасауға, инвестиция тартуға, АҚШ-та тұруды ұйымдастыруға, жетекші сарапшылардан коучинг пен менторлық көмек алуға, сондай-ақ Silkroad Innovation Hub қауымдастығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы Орталық Еуразия стартаптарының жаһандық жетістікке жету жолында тек әлеуетке ғана емес, нақты нәтижелерге ие екенін көрсетті. Мысалы, Astana Hub резиденті – Parqour қазақстандық стартапы ақылды автотұрақ технологиясын жасап, операциялық шығындарды азайтуға және қол еңбегінің үлесін төмендетуге көмектеседі. Стартап ұзақмерзімді келешегі бар келісімшарттарға қол қойды. Бүгінде стартап 25 елде табысты жұмыс істеп жатыр. Бірқатар басқа стартаптар да елеулі инвестициялар тарта алды. Жасалған келісімдер мен тартылған инвестициялар – бұл инновациялар мен халықаралық серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жолдың басы ғана», – деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, Parqour бағдарламадан бұрын АҚШ-тың бірнеше қалаларында – Чикаго, Хьюстон және Лос-Анджелесте жұмыс істеген болатын. Стартаптың CEO-сының айтуынша, бағдарламаға қатысу осы қалалардағы дамуға серпін беріп, АҚШ-та жеке бизнес-даму және операциялық басқару командасын құруға мүмкіндік берді.

«AlchemistX & Silicon Valley Residency-ге қатысу бізге Кремний алқабындағы сатылымдарға назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Сан-Францискода екі ірі клиентпен – Nexus Parking (35 тұрақ) және United SF Parking (50 тұрақ) операторларымен келісімшарттарға қол қойдық. Бұл операторлармен 10-12 жылға ұзақмерзімді келісімшарттар жасалып, Parqour технологияларын пайдалана отырып тұрақтарын кезең-кезеңімен автоматтандыру жүріп жатыр», – деді Parqour негізін қалаушы және CEO-сы Амирхан Омаров.

Сегіз стартап, оның ішінде JobEscape, LoadConnect, Parqour, PointAI, Flowsell.me, Call2action, Oli және MyStory, жалпы сомасы $379 мың болатын коммерциялық келісімдерге қол қойды. Most Finance, JobEscape және Speechsense.ai стартаптары $1,4 млн инвестиция тартты.

Бұл бірегей бес айлық бастама Орталық Еуразия стартаптарына АҚШ нарығына шығуға және тұрақты өсуге негіз қалау мүмкіндігін берді. AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларын Astana Hub және Silkroad Innovation Hub ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Дүниежүзілік банктің және FPIP жобасының қолдауымен жүзеге асырды.

Бағдарлама екі негізгі бағытты қамтыды. Инкубация кезеңі стартаптарды нарыққа шығаруға негіз болып, АҚШ үшін кәсіпкерлік дағдылар мен бизнес аспектілерге баса назар аударатын 4 апталық онлайн-предакселерация бағдарламасын қамтыды. Шақырылған 81 стартаптың ішінде 41 қатысып, 34 стартап сертификат алды. Содан кейін стартаптар резиденттік кезеңнен өтіп, тәжірибелік білім мен жетекші технологиялық экожүйеге қол жеткізді.

AlchemistX бағдарламасының қатысушылары: Relog.ai, JobEscape, LoadConnect, Parqour, Cybernet.ai, Speechsense.ai, Biometric.vision, Axellero, PointAI, Flowsell.me.

Silicon Valley Residency Program бағдарламасының қатысушылары: Enviro, AVTO-TIME (қазіргі ExploreTest), Doro AI, Call2action, SmartGas, Intellecsys, CarePay, Oli (Big Data Operating LLP), Steppe Films, Most Finance (AlchemistX бағдарламасына ауыстырылды), MyStory және EZFactor.

AlchemistX және Silicon Valley Residency Program Орталық Еуразия стартаптары үшін жаһандық деңгейге шығып, АҚШ нарығын игеруге бағытталған теориялық дайындық, практикалық тәжірибе және сала мамандарына қолжетімділіктің бірегей үйлесімін ұсынған маңызды қадам болды.

  • 08.01.2025
  • 66
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика