• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Парламент Сенатының зияткерлік меншік мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтті

2025 жылдың 4 ақпанында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Талқылау тақырыбы зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде заңнаманы жетілдіру, контрафактілі өнімге қарсы күрес, авторлық құқықтарды қорғау және халықаралық ынтымақтастық мәселелері болды.

Отырысқа Парламент Сенаты комитетінің төрағасы, Әділет министрі, Сенат депутаттары, Әділет вице-министрі, сондай-ақ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің және Ұлттық зияткерлік меншік институты өкілдері қатысты.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев іс-шараны аша отырып, зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылатынын, өйткені ол экономиканың, ғылымның және инновацияның дамуына ықпал ететінін атап өтті. Парламент Сенаты комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров өзінің құттықтауында Мемлекет басшысының 2023 жылғы 

1 қыркүйектегі Жолдауындағы креативті экономиканы дамыту үшін зияткерлік меншікті құқықтық құралдармен қорғау қажеттігін атап өтті. Зияткерлік меншік құқығы азаматтық құқықтың маңызды институты ретінде қолайлы инвестициялық ахуал құруда, инновацияларды дамытуда және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Отырыс барысында негізгі баяндаманы Әділет вице-министрі 

Ботагөз Жақселекова жасады. Ол зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы ағымдағы ахуалды талдауды ұсынды және мемлекет алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді белгіледі. Контрафактілік өнімдерді тарату проблемасына ерекше назар аударып, бұл тек құқық иелеріне ғана емес, жалпы экономикаға да үлкен зиян келтіретінін айтты. Вице-министр кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жойылғаннан кейін зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу және бұзушылықтарды анықтау тетіктері жандандырылғанын атап өтті.

Маркетплейстердегі зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы, авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару мәселелері және географиялық нұсқамаларды дамыту-талқылаудың негізгі мәселелері болды. Вице-министр зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау және сақтау заңнаманы жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар бизнеспен, білім беру мекемелерімен және халықаралық әріптестермен белсенді өзара іс-қимылды қамтитын кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті.

Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен магистрлік бағдарламаны іске асырады және Жаһандық инновациялық индексте өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Отырыс шеңберінде «ҰЗМИ» РМК өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге, сондай-ақ тіркелген тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына және басқа да объектілерге берілген патенттер ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Экспозицияның мақсаты Қазақстан экономикасын, технологияларды, Ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ бірегей брендтер мен тауарларды құруға елеулі үлес қосатын отандық құқық иеленушілердің инновациялық әзірлемелерін көрсету болды.

Отырыс барысында зияткерлік меншіктің өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогпен қатар оларды шешу жолдары талқыланды.

  • 04.02.2025
  • 67
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика