• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Digital Almaty 2025: Қазақстан Dealroom.co платформасы арқылы жаһандық IT-инновациялар картасынан орын тапты

2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады.

«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.

Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.

Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.

Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.

Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! Толық ақпаратпен танысу үшін сайтқа өтіңіз.

 

Анықтама:

Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және

Astana Hub.

Бас серіктес: Freedom Bank

Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс

санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,

CITIX

Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;

Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK

Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL

Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ

Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,

BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,

Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.

 

  • 13.02.2025
  • 56
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика