• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан – құны $1 млрд және $10 млрд болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көшбасшы

Қазақстан АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық экожүйелерімен тең қарқынмен құны $1 млрд және тіпті $10 млрд стартаптарды тудыратын технологиялық экожүйені құрды. Бұл туралы стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдаудың  әлемдік жетекші платформасы Dealroom.co негізін қалаушысы және бас директоры Йорам Вийнгаарде мәлімдеді.

Digital Almaty-2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Йорам Вийнгаарде жаңа экожүйелер мен олардың жаһандық нарыққа ашатын мүмкіндіктерінің маңызын айтып өтті. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа стартаптар саны бойынша көшбасшы болып қала береді, алайда Азия елдері жоғары өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр.

"Қазақстан стартап-экожүйелердің әлемдік аренасында маңызды ойыншы атанды. Бүгін мұнда көптеген жоғары технологиялық стартаптар дамып жатыр және аймаққа венчурлық капиталды инвестициялау айтарлықтай өсті. Қазақстан "декакорндардың", яғни 10 миллиард АҚШ долларынан асатын стартаптардың пайда болу динамикасы бойынша АҚШ-қа жетіп қана қоймай, озып та бара жатыр. Өте қысқа мерзім ішінде, Қазақстанның өте жас IT-экожүйесінде 10 миллиард доллардан жоғары бағаға ие Kaspi.kz секілді компаниялар пайда болды, бұл қазақстандық экожүйенің халықаралық венчурлық инвестицияларды тартудағы және әлемдік деңгейдегі компанияларды құрудағы жоғары әлеуетін көрсетеді", - деп атап өтті Йорам Вийнгаарде.

Dealroom.co жұмысы барысында  Қазақстандағы 101 стартап талданды, ал бұл өңірді зерттеудің бастамасы ғана. Вийнгаарде келер жылы Astana Hub халықаралық Технопаркімен ынтымақтастықты нығайтудың арқасында деректер базасы айтарлықтай кеңейетініне сенім білдірді, бұл қазақстандық стартап-экожүйенің мүмкіндіктері мен үрдістерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның экожүйесін Dealroom.co платформасына интеграциялау  халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерге қолжетімділікті ашатын стратегиялық маңызы бар. Бұл қазақстандық стартаптарға капитал тартуға, жаһандық нарыққа шығуды жеделдетуге және инновациялардың әлемдік картасында ел позициясын нығайтуға көмектеседі.

Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.

Анықтама: Dealroom.co — бұл бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлық инвестициялар және корпорациялар туралы деректерді жинайтын және талдайтын жаһандық платформа. 2013 жылы Амстердамда құрылған, Dealroom.co венчурлық инвесторлар мен стартаптар үшін аналитика мен деректердің негізгі көзі ретінде танылған. Платформада 2 миллионнан астам стартаптар мен инвесторлар туралы ақпарат бар, олар инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға, экожүйелерді талдауға және олардың өсуін болжауға бірегей мүмкіндік береді.

  • 13.02.2025
  • 52
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика