• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
AI мен робототехниканы біріктіру саласындағы көшбасшы AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар өндірісі мен AI шешімдерін енгізу кәсіпорнын құрады

Ниет туралы келісімге Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, AgiBot, ewpartners, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ компанияларының басшылығы арасында Digital Almaty 2025 жыл сайынғы форумында қол қойылды. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар мен жасанды интеллект шешімдерін өндіру және енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

2023 жылдың ақпанында негізі қаланған AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндірумен айналысады. AgiBot жасанды интеллект пен робототехника саласындағы технологияларды белсенді дамытып, роботтарды өнеркәсіптен бастап тұрмыстық міндеттерге дейін кең ауқымды қолдану үшін әзірлейді. 2024 жылдың желтоқсанында Шанхайдағы AgiBot кәсіпорнында шығарылған роботтардың саны 1000 бірлікке жетті.

Айта кеткен жөн, Қазақстан өңірдегі алғашқы өндіріс локализациясы және әрі қарайғы әзірлемелерді экспорттау елі ретінде қарастырылуда. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, роботтар мен роботтандырылған жүйелерді оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосады деп күтілуде.

«AgiBot сияқты озық компаниямен серіктестік – робот жасау саласын дамыту тарихындағы маңызды кезең. Әсіресе, біздің әріптестігіміз Қазақстан аумағында роботтар өндірісін локализациялауды көздейтінін ерекше атап өткім келеді. Бұл бізге машина жасау саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірінде кәсіпорын ашумен қатар, сараптамалық тәжірибені арттыруға және робототехника саласындағы отандық құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Бірлескен бастамаларды қаржыландыруға ewpartners жеке инвестициялық қоры және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысады деп жоспарлануда.

Жақын арада Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығында AgiBot роботтарының тәжірибелік үлгілерін көрсететін көрме мен бірлескен ҒЗТКЖ (R&D) орталығы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, компания қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнатып, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу және студенттерді робот жинауға оқыту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Анықтама:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорлары қоры. Негізгі миссиясы – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында тікелей инвестициялар мен венчурлік қаржыландыру инфрақұрылымын дамыту. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.

ewpartners – Таяу Шығыс елдерінің ірі егеменді қорлары және халықаралық қаржы инвесторлары қолдайтын жеке инвестициялық компания. Компания Қытайдың жетекші өнеркәсіптік көшбасшыларымен трансшекаралық серіктестіктерді құру мен қаржыландыруға маманданған, сондай-ақ технологияға негізделген жаһандық интеграцияланған экожүйелерді бірлесіп құрумен айналысады, бұл ретте өз инвесторлары үшін жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді.

  • 13.02.2025
  • 65
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика