• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
VII Digital Almaty халықаралық форумы жеңімпаздарды салтанатты марапаттаумен аяқталды

Алматыда VII Digital Almaty халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады. Шешуші күннің басты оқиғасы инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы беделді конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Асыға күткен іс-шаралардың бірі — стартаптарға Қазақстанның ірі кәсіпорындарына өз шешімдерін ұсынуға, пилоттық жобаларды іске қосуға, инвесторлардың назарын аударуға және маңызды іскерлік байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік беретін — Industrial AI Battle байқауы өтті. 200 өтінімнің ішінен финалға жасанды интеллект саласындағы үздік 15 стартап шықты. Жобаларды қазылар алқасының кәсіби мүшелері, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлік инвесторлар, трекерлер және индустрия көшбасшылары бағалады.

Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар:

  • "Most disruptive" — epsilon3ai, жүлде — 15 000$;
  • "Best scale ability" — Finflow, жүлде — 15 000$;
  • "Best ROI potential" — arlan biotech, жүлде – 15 000$;
  • "Best sustainability impact" — Qala AI, жүлде — 15 000$.

Оған қоса финалистер арасында серіктестерден арнайы сыйлықтар таратылды:

  • 10 млн теңгеге бұлтты сервистер, 1 млн теңгеге жарнамалық кампаниялар, Yandex компаниясынан жылына 2,5 млн теңгеге дейінгі Яндекс карталарының API платформасындағы сұраныстар. Жеңімпаз — Qala AI.
  • 2025 жылғы ресейлік венчурлық форумға билеттер, іскерлік бағдарламаға қосылу, питч-шоуға қатысу, Innopolis форумының бірінші күні жабық кешкі бөліміне кіру. Жеңімпаз — Horus mine.
  • 1 жылдық хабтағы өкілеттік және АҚШ нарығына шығуды қолдау қызметтерін алу, Silkroad хабының барлық инфрақұрылымына қолжетімдік. Жеңімпаз — Finflow.
  • Vk cloud-тан 10 млн теңгеге бұлтты сервистерге жазылу. Жеңімпаз — Chrome AI.
  • Smartpoint жұмыс орындары. Жеңімпаздар — Onco Zero AI & Pleep.
  • "Қазақтелекомның" сыйы — стартапты дамытуға 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық. Жеңімпаз — Pleep.

Тағы бір маңызды оқиға балалар арасындағы Робототехника чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау болды. Қазақстанның үздік төрт командасы халықаралық жарыстарда ел атынан қатысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ 2 миллион теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматыдан келген Sana БИЛ командасы жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге көлемінде бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды Алматы қаласының №208 мектебінен Point командасы иеленіп, 500 000 теңге жүлде қорын алды. Үшінші орынды және 300 000 теңге көлеміндегі жүлдені Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы иеленген. Төртінші орынды Қарағанды қаласының "Мұрагер" мектебінен Jeltoqsun командасы алып, 200 000 теңге жүлдеге ие болды.

Чемпионатты USTEM Foundation ұйымдастырды. Оның қолдауымен қазақстандық командалар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) жеңіске жетіп, FIRST Global Challenge үш дүркін чемпионы атанды.

Сонымен қатар, "Digital Almaty Multi-Drone Championship" (MDC) шеңберінде өткен дрон-футболдан чемпионат қорытындыланды. Турнир толықтай FIDA (халықаралық дрон-футбол федерациясы) қолдауымен өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен FIDA халықаралық турнирлеріне қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Жеңімпаздар:

1-орын — Skyzone X4Pro;

2-орын — Radiomaster Boxer ELRS;

3-орын — BetaFPV Air65 Freestyle.

VII Digital Almaty халықаралық форумы үздік мамандарды, стартапшылар мен инвесторлардың басын қосатын технологиялар әлеміндегі басты алаң ретінде тағы да мәртебесін үстем етті. Келер жылы форумда кездескенше!

Анықтама:

Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және

Astana Hub.

Бас серіктес: Freedom Bank

Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс

санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,

CITIX

Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;

Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK

Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL

Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ

Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,

BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,

Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.

 

 

  • 13.02.2025
  • 62
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика