• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда қыздарға арналған ЖИ бойынша оқу өтуде

2025 жылғы 5-7 ақпан аралығында «Қыздарға арналған ЖИ дағдылары акселераторы» бағдарламасы аясында қыздарға арналған оқу өткізілуде. Іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен онлайн форматта Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу қосылды.

Оқыту қыздар мен әйелдердің жасанды интеллекттің заманауи технологияларына қатысты цифрлық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл екі жылдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін ХЭО Даму секторы мен EY бірлесіп жұмыс атқаруда. Бағдарлама озық технологиялық білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Біз ЖИ-ді өміріміздің барлық саласына енгізуді жоспарлап отырмыз. Алдымызға үлкен мақсат қойдық – 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту. Оның ішінде 500 мың мектеп оқушысы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың корпоративтік сектор өкілі және 30 мың басқа салалардың өкілдері бар. Барлық бағыттар бойынша белгілі бір пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қазіргі және болашақ мемлекеттік қызметкерлер үшін ЖИ бойынша оқытуды міндетті ету талаптарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл пилоттық жобаны осы жылдың наурыз айында іске қосамыз. Көріп отырғаныңыздай, барлық азаматтар санатына арналған ЖИ бойынша оқыту бағдарламалары қарастырылған», – деп атап өтті министр Жаслан Мадиев.

Бағдарлама қыздарға цифрлық, этикалық және басқарушылық дағдыларды меңгеруге көмектесіп, олардың инновациялық шешімдер әзірлеуіне және ЖИ-ді өз қауымдастықтарындағы мәселелерді шешу үшін қолдануына мүмкіндік береді.

Екі жыл ішінде бағдарлама мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • 1000 қыз офлайн семинарлардан өтіп, білім алып, менторлық қолдау мен сарапшылардың көмегіне ие болады.
  • Семинарлар әлем бойынша 12 елді қамтиды (әрбір ХЭО аймағына 2 елден).
  • Қатысушылар байқауға қатысып, жеңімпаздар ХЭО-ның халықаралық ЖИ іс-шарасына бару мүмкіндігіне ие болады.

Жоба ХЭО Даму секторы мен EY серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.

«Жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту қыздарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл оларға тек озық технологияларды игеруге ғана емес, сонымен қатар оларды өз қауымдастықтарының игілігіне пайдалануға көмектеседі. Бұл бағдарлама – неғұрлым инклюзивті және тең құқылы цифрлық болашаққа қарай жасалған қадам», – деп атап өтті ХЭО-ның ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу.

2024–2025 жылдарға арналған алғашқы қатысушы елдердің қатарына Үндістан, Иордания, Қазақстан, Кения, Мальта және Парагвай енді.

https://www.itu.int/women-and-girls/women-in-ict/ai-skills-accelerator-for-girls/

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

  • 20.03.2025
  • 37
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика