• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Қазақстан GPAI-ға қосылуға қызығушылық білдірді

Франция астанасында жасанды интеллект саласындағы іс-қимылға арналған әлемдік саммит – Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестіктің (GPAI) елдері арасындағы министрлік кездесуі өтуде. Іс-шараға Франция Президенті Эммануэль Макрон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корман қатысты.

Франция Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Қазақстан делегациясын цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев басқарды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының GPAI-ға – жасанды интеллект технологияларын дамыту және жауапты қолдануға бағытталған халықаралық бастамаға қосылуға ниетті екенін айтты.

Іс-шараға 44 ел қатысты. Олардың ішінде Камбоджа, Мальта, Румыния, Хорватия, Руанда, Марокко және Қазақстан GPAI-ға мүше болуға қызығушылықтарын білдірді. Жақында серіктестік қатысушылары олардың өтінімдерін қарау процесін мақұлдаған еді. Бұл мәлімдеме жасанды интеллекттің жаһандық басқару аясында кең ауқымды және әртүрлі қатысуға жол ашады.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі цифрлық трансформация нәтижелері мен жасанды интеллектті дамыту жоспарларымен бөлісіп, Alem.AI орталығының тұжырымдамасы туралы айтты.

«Қазақстан жасанды интеллекттің болашағымызды қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындайды және бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде GPAI-ды жоғары бағалайды. Біз үкіметтер мен сарапшыларды біріктіре отырып, GPAI-дың жасанды интеллектке байланысты мүмкіндіктер мен сынақтарға жауап беру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз және оның жасанды интеллект саласындағы білім мен тәжірибені бүкіл әлемге тарату миссиясын толықтай құптаймыз. Қазақстанда біз ұлттық жасанды интеллект экожүйемізді белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Alem.AI – жасанды интеллект саласындағы инновацияларды қолдау, стартаптардың дамуын жеделдету және ғылыми зерттеулерді ынталандыруға арналған Халықаралық орталық құрып жатырмыз. Жылына 200 мың азаматты мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін базалық және ілгері деңгейдегі жасанды интеллект дағдыларына оқытатын кешенді білім беру бағдарламалары арқылы адами капиталды дамытуға міндеттенеміз», – деді Жаслан Мәдиев.

Іс-шара сондай-ақ ЭЫДҰ-ның жасанды интеллектке қатысты ұсынымдарын іске асыруды ілгерілету бойынша GPAI жұмысына арналған талқылау алаңы болды. Талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы алшақтықты жою, ИИ-дің еңбек нарығы мен қоршаған ортаға әсерін түсіну және бағалау, тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау арқылы инновацияларды ынталандыру, сондай-ақ деректерге қол жеткізу мен оларды жауапкершілікпен алмасуды жақсарту мәселелері қозғалды.

Толығырақ:

https://www.diplomatie.gouv.fr/fr/politique-etrangere-de-la-france/diplomatie-numerique/actualites-et-evenements/article/sommet-mondial-pour-l-action-sur-l-ia-reunion-ministerielle-des-pays-membres-du

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Анықтама:

Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестік (GPAI) – адам құқықтарын және қатысушы елдердің ортақ демократиялық құндылықтарын сақтау арқылы жасанды интеллектті жауапты әзірлеу мен қолдануға басшылық етуге арналған халықаралық бастама. Бұл әріптестік алғаш рет 2018 жылы G7-нің 44-ші саммитінде Канада мен Франция тарапынан ұсынылып, 2020 жылдың маусымында ресми түрде жарияланды. GPAI-дың ұйымдастырушысы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ).

GPAI теория мен практиканың арасындағы алшақтықты қысқартуға тырысып, жасанды интеллект саясатына тікелей қатысы бар салалардағы зерттеулер мен қолданбалы қызметті қолдайды. Ол өнеркәсіп, азаматтық қоғам, үкіметтер және ғылыми қауымдастық өкілдерін жасанды интеллекттің ұсыныстары мен қиындықтары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін біріктіреді.

 

 

  • 20.03.2025
  • 41
Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика