- Блогтар
- Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.
ҚР Әдiлет министрi
ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкіметтік сағат аясында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Жеке сот орындаушылары институтын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасады
Министр өз сөзінде жеке сот орындаушыларының институты енгізілген сәттен бастап елдегі мәжбүрлеп орындату тиімділігі айтарлықтай артқанын атап өтті.
Осыған байланысты Әділет министрлігі біршама шараларды жүзеге асыруда.
Солардың ішінде:
• атқарушылық іс жүргізу барысы туралы ақпаратқа қол жеткізуді және сот орындаушылар тарапынан жіберілген құқық бұзушылықтарды тіркеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Цифрлық көмекші» механизмін енгізу.
- борышкерлердің, оның ішінде жасырын табыс көздері туралы мәліметтер алу үшін ақпараттық жүйелерді біріктіру;
- жеке кәсіпкерлерден алимент өндіру тәртібін қоса алғанда, алименттерге қатысты заңнамалық түзетулер дайындау;
- негізсіз пайда табуды және манипуляцияларды болдырмау мақсатында арест салынған мүлікті электронды аукцион арқылы өткізу рәсімдерін жетілдіру;
- заңсыз құрылыстарды бұзу және демонтаждау мәселелерін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- сот орындаушыларының қызметін бақылау бойынша тиімділікті арттыру секілді шаралар бар.
Ерлан Сәрсембаев жеке сот орындаушылары институтының дамуы цифрландыру, ашықтық және әділеттілікке қолжетімділікті арттыру талаптарына сәйкес жалғасын табатынын атап өтіп, мәжбүрлеп орындату жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамаларды қолдағаны үшін депутаттарға алғысын білдірді.
- 25.04.2025
- 29