• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Цифрлық даму министрі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті

Астана, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің (АКИ АМО) операторлары болып табылатын шамамен 70 ұйымның өкілдерімен кеңес өткізді.

Цифрлық даму министрі аса маңызды объектілерде киберқауіпсіздік шараларын сақтауда  ұйым басшыларынан жеке жауапкершілікті талап етті. Министрдің айтуынша, ұйым басшылығының ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жеткілікті назар аудармауы ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

«Цифрландыру қауіпсіздіксіз мүмкін емес. Әр ақау – бұл мемлекетке және азаматтарға көрсетілетін сервистерге деген сенімге қауіп. АКИ АМО – мемлекеттік институттардың, экономиканың және әлеуметтік тұрақтылықтың жұмыс істеуі үшін стратегиялық маңызы бар объектілер. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталмауы ақпараттандыру объектілерінің жұмысын тоқтатуға және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін», – деді министр.

Кеңесте АКИ АМО-ны Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі операциялық орталықтарға қосу бойынша іс-шараларды орындау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Министр бұл мәселе Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысында көтерілгенін, сондай-ақ белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде бірқатар проблемалар бар екенін еске салды.

Министр АКИ АМО операторлары жүзеге асыруы тиіс міндетті шараларды атап өтті. Олардың қатарына мыналар кіреді:

  • Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі операциялық орталықты құру немесе қызметін сатып алу;
  • Деректердің ағып кетуін болдырмау жүйелерін (DLP) енгізу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік аудитін тұрақты түрде өткізу;
  • Ведомстволық желіні мемлекеттік органдардың Бірыңғай интернет-шлюзі арқылы қосу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтан өту.

Сөз соңында министр 2025 жылы ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан АКИ АМО-ның жеке операторларына қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуына жоспардан тыс тексерулер жүргізілетінін хабарлады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

«Барлық қатысушыларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауға барынша байыппен қарауға және жағдайды қысқа мерзімде түзету бойынша қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деп түйіндеді министр.

  • 29.04.2025
  • 28
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика