- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Қызылорда қаласындағы Достық үйінің алдында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сыр елі – татулық пен келісімнің мекені» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен жас суретшілердің туындылары қойылған көрмелер ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ерекше көңіл-күй сыйлаған – «Құстар фестивалі» болды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ол ел Президентінің төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының жуырдағы сессиясында көтерілген мәселелер мен жаңа бастамалар жөнінде айтты.
Өңір басшысы Қызылорда облысында тұратын 30-дан астам этнос өкілдерінің экономика, мәдениет, спорт, білім және ғылым салаларының дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.
Нұрлыбек Нәлібаев тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті: Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен құны 3,8 миллиард теңге болатын жаңа Достық үйі салынатынын хабарлады.
Салтанатты шара барысында этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.05.2025
- 21