• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты.
Конференцияның мақсаты – халықаралық тәжірибені ескеріп, тәуелсіз мейіргерлік қызметті дамыту, орта медициналық қызметкерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін арттыру, олардың басқарушылық, сараптамалық, клиникалық құзыреттілігін нығайту.
​Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысына, Сыр медицинасындағы жаңашылдықтарға тоқталды.
​«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», – деген болатын.
Өңіріміздің медицина мекемелерінде 12 мыңға жуық мейіргер еңбек етеді. Олардың халық денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі өлшеусіз деп айтуға болады.
Дені сау ұрпақ – Әділетті Қазақстанның келешегі. Ұлт саулығын нығайтып, сапалы медициналық қызмет көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Өткен жылы аймақтың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгені құрады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды. Жылына 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар жаңа Қан орталығы ашылып, ел игілігіне қызмет етуде. Ана мен бала өмірін қорғауда көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, ұлттық жоба аясында 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салынуда. Өткен жылы 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, енді 6 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып, жабдықталу деңгейі 87,1 пайызға артты. Медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету де басты назарымызда. Былтыр жергілікті бюджет қаражаты есебінен мамандар біліктілігін арттыруға 144 млн теңге бөлінді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жасалған баяндамалар, айтылған ой-пікірлер, ұсыныстар сарапталып, оң нәтиже береді деп сенеміз», – деді Н. Нәлібаев.
Конференцияда Ақмарал Әлназарова, Ханс Клюге, Скендер Сыла сөз сөйлеп, медицина саласындағы жетістіктерге тоқталды. Денсаулық сақтау министрлігі С.Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнар Құлқаева, Қызылорда жоғары медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Жанар Қалмақова баяндама жасады.
Басқосуда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін мамандар «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алғыс хаты, медициналық колледж cтуденттеріне шетелдік оқу орындарына жолдамалар табысталды.
Іссапар аясында Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы, республикалық медициналық ұйымдар мен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшылары облыс орталығы мен аудандардағы медицина ұйымдарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 20.05.2025
  • 16
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика