• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Заң мен тәртіп басты құндылыққа айналуы тиіс

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған барлық құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шараның ашылуында Әнұран орындалып, Ту көтерілді. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Аймақ басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.
Сіздерге жүктелген міндет асқан жауапкершілікті қажет етеді. Аймағымызда құқықтық тәртіпті орнату, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметтеріңізді тиімді ұйымдастыруға бағытталған кешенді қолдау шаралары қабылдануда. Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн. теңге қаралып, материалдық-техникалық база заманға сай жаңғыртылуда.
Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы болып, әділетсіздік пен немқұрайлылыққа жол бермеуі керек. Бір қызметкердің салғырттығы бүкіл жүйенің беделіне нұқсан келтіреді. Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, тұрғындардың тыныш өмір сүруін қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күресті қарқынды жалғастырып, жұмыс сапасын арттыра түседі деп сенемін.
Егемен еліміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, өздеріңізге жүктелген міндетті орындаудағы қызметтеріңіз жемісті болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы құттықтау сөз сөйледі. Сала ардагерлері мен қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен, медаль және төсбелгімен марапатталды.
Айта кету керек, 2023 жылдан бері полиция департаментінің аттестациядан өткен қызметкерлеріне облыс бюджетінен 2 млрд теңгеге жуық үстемақы төленді. Республикада алғашқы болып өңірдің барлық ауданындағы полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту және жедел әрекет ету үшін бейнебақылау камераларының саны артты. Аудандарға 539 бейнебақылау және 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полицияға заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік берілді. Биыл тағы 31 қызметтік көлік пен арнайы құрал-жабдықтар алынады. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.06.2025
  • 8
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика