- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
заң шығару және құқықтық ақпарат институты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына сәйкес ҚР Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құрылғандығы жөнінде хабарлаймыз.
Кәсіпорынның негізгі қызметі:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша ғылыми жәрдем көрсету және оларды ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыру;
- жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыруға бағытталған заңнамалық актілер жобалары мен олардың тұжырымдамаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинау, есепке алу және сақтау және оның дерекқорын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық электрондық бақылау банкіне енгізуге жататын электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді жинауға, есепке алуға және сақтауға қатысу және оның дерекқорын қалыптастыру болып табылады.
- 04.12.2019
- 838