• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Цифрлық даму министрлігі, Meta және Blockchain and AI Technology Center азаматтардың игілігі үшін ИИ шешімдерін дамытуда күш біріктіреді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Meta компаниясы және Blockchain and AI Technology Center зерттеу институты жасанды интеллект саласын дамыту және оны мемлекеттік сектор мен бизнестегі өзекті мәселелерді шешуге енгізу мақсатында бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосады. Тиісті ниет туралы хатқа Astana International Forum аясында қол қойылды.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетін көрсету, Llama сынды ашық кодты технологияларды қолдана отырып, елдің осы бағыттағы сарапшылық деңгейін растау, сондай-ақ жасанды интеллект шешімдерін мемлекеттік және жекеменшік секторларға енгізу.

Осындай ірі технологиялық компания – Meta-мен бірлесіп бастамаларды іске асыру Қазақстанның жасанды интеллект технологияларын кең көлемде қолдануға және оларды нақты міндеттер мен кейстерді шешуге енгізуге дайын екенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Акселерация барысында Meta сарапшылары ұсынатын менторлық қолдау отандық мамандардың құзыреттілігін арттырып, мемлекеттік сектор мен бизнес саласының нақты қажеттіліктеріне сай тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Бүгінгі Meta компаниясының қатысуымен өткен іс-шара – көп айға созылған келіссөздер мен бірлескен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Meta – жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екені даусыз. Мұндай технологиялық алыптармен серіктестік орнату қазақстандық мамандар үшін жаңа көкжиектерге жол ашады деп сенеміз. Бұл – тек озық білім мен технологияларға қол жеткізу ғана емес, жасанды интеллект шешімдерін экономиканың түрлі салаларында нақты қолдану мүмкіндігі. Біз үшін бұл – цифрлық егемендікке, технологиялық дербестікке және жаһандық жасанды интеллект қауымдастығына халықаралық ықпалдасуға жасалған маңызды қадам», – деп атап өтті министр Жаслан Мадиев.

Бағдарлама бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқысы – Decentrathon 3.0 хакатоны, онда қатысушылар Llama және KazLLM жасанды интеллект модельдеріне негізделген идеялар мен тұжырымдамаларды ұсынады.

«Бұл бағдарлама біздің әзірлеушілер қауымдастығымызға бірлесіп жұмыс істеу арқылы қолданбалы AI-дың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік сектордың міндеттерін Llama сынды модельдер арқылы шеше отырып, біз қауымдастықтың Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де маңызы бар шешімдерді жасауға қалай қатыса алатынын тексеріп отырмыз», - деп атап өтті Айдана Қасқырбек, Blockchain and AI Technology Center.

Айта кету керек, Llama – Meta компаниясы әзірлеген озық жасанды интеллект моделі. Осы модель негізінде қазақ тілі мен өңірлік контекске бейімделген локализацияланған тілдік модель – KazLLM жасалды.

Шешімдер мемлекеттік органдар ұсынған нақты тапсырмаларға жауап ретінде әзірленетін болады. Іріктелген тұжырымдамалар негізінде 15 финалист акселерациялық бағдарлама аясында жұмысын жалғастырып, Meta және басқа серіктестердің сарапшыларынан менторлық қолдау алады.

«Бұл жыл Қазақстандағы жасанды интеллект үшін маңызды кезең болып табылады. Meta компаниясы үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Blockchain and AI Technology Center-мен бірге осы маңызды бірлескен жасанды интеллект акселерация бағдарламасын іске қосу үлкен құрмет. Біздің мақсатымыз — Қазақстанның әзірлеушілері мен кәсіпкерлері, бизнес өкілдеріне Llama сияқты ашық жасанды интеллект модельдеріне қолжетімділік беріп, сондай-ақ KazLLM секілді қазақ контекстін терең түсінетін локализацияланған модельдерді қолдаумен қамтамасыз ету.

Бұл бастама жергілікті таланттарға өз мүмкіндіктерін толық ашуға және елде жасалған маңызды жасанды интеллект инновацияларын ілгерілетуге мүмкіндік береді — Қазақстан мемлекеттік секторының басымдықтарына толық сәйкес келетін және оның кең ауқымды цифрлық трансформациясына септігін тигізетін шешімдер», — деді Meta компаниясының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша мемлекеттік саясат директоры Сарим Азиз.

Финалдық жобалар венчурлік инвесторлар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін Demo Days алаңында ұсынылады. Жеңімпаздар Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында жарияланатын болады.

Бұл бастама Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы технологиялық көшбасшылығын нығайтуға және мемлекет, бизнес пен инновациялық қауымдастық арасындағы орнықты экожүйені дамытуға бағытталған.

  • 09.07.2025
  • 9
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика