• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда өңірдегі алғашқы Solana Economic Zone іске қосылды

Қазақстан цифрлық трансформация мен блокчейн экономикасын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасады. Астанада Орталық Азиядағы Solana блокчейн платформасы негізінде құрылған Solana Economic Zone Kazakhstan алғашқы экономикалық аймақ іске қосылды.

Solana Foundation қолдауымен өткен бұл іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және Web3 экожүйесінің көшбасшылары қатысты. SEZ KZ іске қосылуы Astana International Forum 2025 қарсаңында өтіп, технология, инвестиция және мемлекеттік саясат тоғысындағы маңызды оқиға болды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, цифрлық экономиканы дамытуға арналған мамандандырылған аймақтарды құру — технологиялық серпіліс жасауға арналған тиімді құрал. Мысалы, Дубайда Dubai Multi Commodities Centre (DMCC) Crypto Centre табысты жұмыс істеп тұр. Онда ондаған блокчейн-компаниялар орналасқан, қолайлы реттеу тетіктері енгізілген және стартаптар инфрақұрылым мен инвестицияға қол жеткізе алады.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибелерді өз стратегиялық мақсаттарына бейімдеп қабылдайды. Solana Economic Zone — тәжірибе алмасуға, шешімдерді сынақтан өткізуге және қазақстандық компанияларды жаһандық нарыққа шығаруға арналған алаң болмақ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Solana Economic Zone жобасының іске қосылуы Қазақстанның экономикалық салаға озық цифрлық технологияларды интеграциялауға стратегиялық тұрғыда дайын екенін білдіретінін атап өтті:

«Біз тұрақты әрі бәсекеге қабілетті цифрлық экожүйе құруға ұмтыламыз. Solana Economic Zone сияқты жобалар бізге активтерді токенизациялаудан бастап, Web3 саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға дейінгі жаңа тәсілдерді сынап көруге және енгізуге мүмкіндік береді»

Іс-шара аясында энергетика, қаржы, агротехнология, ойын индустриясы және сауда салаларында жұмыс істейтін халықаралық стартаптар ұсынған блокчейн негізіндегі шешімдер таныстырылды. Сондай-ақ, құнды қағаздарды, алтынды, жылжымайтын мүлікті және басқа да активтерді токенизациялау мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде стратегиялық меморандумға қол қойылды, оған келесі бағыттар кірді:

  1. Капитал нарығын токенизациялау:
    AIX, Solana Foundation, Jupiter және Intebix қатысуымен қаржы инфрақұрылымына токенизацияланған құралдарды енгізуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.
  2. Web3-таланттарды дамыту:
    Министрлік пен Solana Foundation Rust бағдарламалау тілі мен блокчейн инженериясына бағытталған білім беру бағдарламасын бастайды. Жоба аясында университеттермен және Astana Hub-мен серіктестік орнатылады.
  3. Халықаралық Web3-компанияларды тарту:
    Forma компаниясымен бірлесіп, жаһандық стартаптарға инфрақұрылым мен реттеуші қолдауды қамтитын қолдау бағдарламалары жүзеге асырылады.

Министрлік жасанды интеллекттен бастап блокчейнге дейінгі озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр. Бұл елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсіміне бағытталған.

 

  • 09.07.2025
  • 14
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика