• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алғашқы спутниктен жаңа технологияларға дейін: Байқоңырға 70 жыл толды

Қала мерейтойына ҚР вице-премьері Роман Скляр мен цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев қатысты.

2025 жылдың 2 маусымында Байқоңыр қаласы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті — бұл бүкіл аэроғарыш саласы үшін маңызды оқиға болып отыр. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының вице-премьері Роман Скляр, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ ғарыш саласының өкілдері, ардагерлер, инженерлер, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Тағы бір айта кетер жайт, мерейтойға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейнеқұттықтау жолдады.  Мемлекет басшылары өз құттықтауларында Байқоңырдың әлемдегі алғашқы ғарыш айлағы ретінде ерекше маңыздылығын және оның халықаралық ғарыштық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін атап өтті.

Байқоңырдың әлем тарихында алар ерекше: дәл осы жерден 1957 жылы алғашқы жасанды жер серігі ұшырылған, ал 1961 жылы — ғарышқа алғаш рет адам ұшқан. Осы алаңнан әр жылдары қазақстандық ғарышкерлер Токтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ғарышқа аттанған.

Мемлекет басшысы Қазақстан Байқоңырды халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми алмасу орталығы ретінде, сондай-ақ туристер мен білім беру бастамалары үшін тартымды орын ретінде дамытуға ниетті екенін атап өтті. Космодром жаңа жобаларды іске қосу және жастарды ғарыш саласына тарту үшін зор әлеуетке ие.

Мерейтой бағдарламасы аясында қонақтар Қазақстан үшін маңызды жобалардың бірі — «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің нысандарын аралап, марапаттау салтанатына қатысты, сондай-ақ салалық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Министр Жаслан Мәдиев «Бәйтерек» бірлескен жобасы Қазақстан үшін басты жобалардың бірі болып табылатынын атап өтті:

«Бұл тек экологиялық қауіпсіз ғарыш қызметіне қадам ғана емес, сондай-ақ ғарыштағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің негізі. Байқоңыр Қазақстанның ғарыштық бастамаларға қатысуын қамтамасыз ететін стратегиялық актив болып қала береді».

Бұл күні жастар мен білім беру бастамаларына да ерекше назар аударылды. Байқоңыр тек инженерлік және технологиялық алаң ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақ — студенттер, зерттеушілер мен әзірлеушілер үшін тартымды орынға айналуда.

Мерейтой аясында ғарыш саласының ардагерлеріне құттықтау сөз айтылып, марапаттар мен құрмет белгілері табыс етілді.

Қазақстан ғарыш саласындағы тұрақты саясатын жалғастырып келеді.  Мемлекет Байқоңыр инфрақұрылымына стратегиялық бақылауды сақтай отырып, негізгі шешімдерге қатысуда, сондай-ақ спутниктік және ғылыми-білім беру жобаларында ұлттық әлеуетті дамытуда.

Анықтама:

Байқоңыр қаласы 1955 жылы жабық ғылыми-инженерлік орталық ретінде құрылған. Бүгінде бұл халықаралық маңызы бар бірегей кешен болып табылады және Қазақстан мен Ресей Федерациясының юрисдикциясында орналасқан.

  • 09.07.2025
  • 16
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика