- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Апостиль
ҚР Әділет министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында енгізу үшін "Е-Апостиль" (электрондық апостиль) ақпараттық жүйесін әзірлеуде және аталған бағдарламаны құру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруда.
Барлық қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін құжатты апостильдеу процесін толық көлемде автоматтандыру жоспарлануда.
Электрондық апостильдеудің негізгі артықшылығы апостильдің түпнұсқалылығын беруге және анықтауға арналған шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.
Осылайша, Е-АРР-ға көшу апостильді беру, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді. Сондай-ақ, алаяқтық пен апостильдерді теріс пайдалануға қарсы күрес үшін қуатты құрал болып табылады.
Анықтамалық үшін:
Апостиль - құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалылығын куәландыратын және осы тұлғаның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртабан.
- 06.12.2019
- 775