- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
заң шығару және құқықтық ақпарат институты
"Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының негізгі ережелері» тақырыбында онлайн-вебинар
2019 жылдың 13 желтоқсанында сағат 10:00 де Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының (бұдан әрі – Институт) бас ғылыми қызметкері заң ғылымдарының докторы, профессор Л.Т. Жанұзақованың жетекшілігімен www.zan.kz сайтында "Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының негізгі ережелері» тақырыбына онлайн-вебинар (бұдан әрі-вебинар) өткізіледі.
Вебинардың мақсаты әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүргізуге бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының (бұдан әрі-ӘРПК жобасы) ережелерін түсіндіру болып табылады.
Вебинар барысында Институттың бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Л.Т. Жанұзақова Қазақстан Республикасында әкімшілік Әділет институтын қалыптастырумен байланысты, мемлекеттік органдармен дауда азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзекті мәселелерді, сондай-ақ оның қазіргі жай-күйі мен даму үрдістерін талқылауды жоспарлап отыр. Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушыларға ӘРПК жобасы бойынша қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
Қатысу сұрақтары бойынша 266-147, 8-778-432-3323 телефондарына немесе tandjela@mail.ru электрондық мекенжайға хабарласуға болады.
.
- 06.12.2019
- 764