• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде спорт саласын дамыту мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады.
Аймақта дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауқымды жобалар қолға алынған. Биыл бұл салаға жергілікті бюджеттен 38 млрд 213 млн теңге қаржы бөлінді.
Өңірде 340 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл - облыс халқының 40,4 пайызы. Спорт резервін және спортшыларды даярлайтын 33 спорт мекемесі жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдарда тағы 6 спорт нысаны ел игілігіне табысталмақ.
Жуырда Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдерге арналған тұңғыш «Қызылорда бокс клубы» өз жұмысын бастады.
Мемлекет басшысының қолдауымен салынып жатқан Қызылорда қаласында 26 млрд 500 млн теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион қыркүйек айында ашылады.
Оған қоса, 20 млрд 500 млн теңгеге көпбейінді «Qyzylorda Arena» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл кешенде олимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи жаттығу залдары, жүзу бассейні, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізуге арналған 2500 орындық зал қарастырылған.
Өткен жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Траст» қорымен бірлесіп 3 млрд 400 млн теңгеге заманауи Теннис орталығы ашылды. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Жуық арада федерацияның көмегімен Жалағаш аудандық орталық стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 1 млрд 600 млн теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі ауданында жаңа спорт нысаны бой көтеріп, іске қосылды. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында аталған қордың көмегімен 2 млрд 900 млн теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде.
Жиында Айбек Дәдебай Қызылорда облысындағы спорт саласының оң өзгерістеріне тоқталды. Президент Әкімшілігінің басшысы өңірде жаңа спорт нысандары бой көтергенін және «Қайсар» клубы легионерлерден толық бас тартқан алғашқы команда екенін атап өтті. Аймақтың оң тәжірибесін басқа өңірлерге үлгі етті. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.08.2025
  • 50
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика