• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиналыс өтті. Онда аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Тәуіпбаева Мөлдір Сұлтанбекқызын таныстырды.
Мөлдір Сұлтанбекқызы 1978 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Халықаралық экономикалық қатынастар», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану», Алматы менеджмент университетінде «Іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша білім алған.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Калифорния университетінің «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» магистрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда инженерлік-экономикалық институтында ассистент, оқытушы, «Дабл Холдинг.Инк» корпорациясының сатып алу және есепке алу координаторы, Қазақ гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратында түрлі басшылық лауазымдарда болған. 2023 жылдан осы кезге дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, өңірге инвестиция тартудың тиісті шараларын қабылдау, индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыруда шағын өнеркәсіптік парктер құру, кәсіпкерлік субъектілерінің санын, жұмыс күшін, өндірілген өнім көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстарды жоғары деңгейде атқаруды тапсырды. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.09.2025
  • 36
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика