• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданының әкімі болып сайланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Оған жауапты сала, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы бұрын аудан әкімі қызметінде болған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына алғыс білдіріп, жаңа қызметке сайланған Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлына сәттілік тіледі.
«Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің орынбасары ретінде қызметін жалғастыруда.
Мейрамбек Зинабдинұлы Қазалы ауданында 2 жылға жуық қызмет жасап, ауданның дамуына сүбелі үлес қосты.
Сайлау жүйесін демократияландыру – Президент реформаларының негізгі міндеттерінің бірі.
Өңірімізде аудан әкімдерін сайлау 2023 жылы пилоттық негізде өткізіліп, Шиелі мен Сырдария аудандарының әкімдері сайланды.
Күні кеше өткен саяси науқанда Қазалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Бекем бірлік пен тату тірліктің үлгісін көрсетіп, ауданның жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасады.
Алмасбек Әбілқасымұлы - басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын әлеуеті жоғары кадр.
Президентіміздің, Үкіметтің алдымызға қойған міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындап, Өздеріңізбен бірге Қазалы ауданын одан әрі дамытуға, көркейтуге аянбай жұмыс жасайды деп сенеміз. Жаңадан сайланған аудан әкіміне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырамын.
Аудан халқы үгіт-насихат кезеңіндегі Сіздің уәделеріңізге сеніп, қолдап дауыс берді. Сол себепті сайлауалды бағдарламаңызда көрсетілген әрбір мәселенің оңтайлы, мерзімінде шешілуін қамтамасыз етіңіз. Біз, аудан халқы әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз.
Алдыңызда дамудың барлық макроэкономикалық көрсеткіші бойынша оң параметрлерге қол жеткізу міндеті тұр. Ауданға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты жұмыс жүргізу қажет.
Президентіміздің инвестиция тарту тапсырмасын орындау үшін инвесторлармен тиісті бағытты айқындау керек. Аудан әкімінің жұмысы инвестиция тарту индикаторының орындалуымен бағаланады. Қазіргі жағдайда бюджеттің әрбір тиыны маңызды.
Бұған дейін де басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған қызметкер ретінде аудандағы ресурстарды барынша қолданып, бюджет қаражатын толық әрі мерзімінде игеріп, жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіңіз.
Құқық қорғау органдарының басшыларына аудан әкімімен бірлесіп, жұмыс жасауды қатаң тапсырамын!», - деді Н.Нәлібаев.
Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қызылорда гуманитарлық университетінде экономист, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандықтары бойынша білім алған.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.
Әр жылдары Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық бірнеше бөлімнің басшысы, облыс әкімі аппаратында бөлім басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарында нәтижелі қызмет етті.
2024 жылдың шілде айынан бастап «АМАНАТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, 28 қыркүйекте өткен Қазалы ауданы әкімі сайлауының қорытындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов жариялап, жаңадан сайланған аудан әкіміне куәлігін табыстады.
Актив отырысынан соң, аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдары, алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Қазалылықтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.09.2025
  • 25
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика